АЛМАТЫДА ҚАЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЗА БОЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ЖАНҰЯСЫН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестері Айдарбек Сабырбековтың отбасын Жаңа жылмен құттықтады.

ЛА-155/6 мекемесі медициналық бөлімінің фельдшері ішкі қызмет лейтенанты Айдарбек Сабырбеков қашуға оқталған сотталғандарды тоқтату барысында 2000 жылдың 30 қарашасында сағат 22.30 шамасында сотталғандардың қолынан қаза тапқан еді.

1974 жылы туған Айдарбек Қабылбекұлы оқу орнын дәрігер мамандығы бойынша бітірген соң қазіргі №11 мекемесінің фельдшері лауазымына тағайындалды. Айдарбек қаза тапқан 2000-шы жылдары кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ауыр қылмысқа барулары жиілеген күрделі кезең болғаны анық. Алматыдағы балалар колониясы қылмыстық жазаға тартылған жасөспірімдердің жазасын өтейтін бірден бір колония болды.

Дәрігер Айдарбек Қабылбекұлы осы колонияда жазалы жасөспірімдердің денсаулығын бақылау, оларды емдеу жауапкершілігін зор сүйіспеншілікпен атқарып жүрген маман болатын. Өкінішке орай Айдарбектің өмірі сол өзі қамқор болып жүрген жасөспірімдердің қолымен небәрі 26 жасында үзілді.

Алматы қаласындағы балалар колониясында әріптестері «Біздің сүйікті дәрігер» деп атайтын ержүрек дәрігерге арналған бұрыш ашылып, ҚАЖД ғимаратының аумағында ескерткіш қойылды.

Айдарбек Қабылбекұлы Сабырбековке қаза тапқаннан кейін, «ішкі қызмет лейтенанты» арнайы атағы беріліп, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен мараппатталған болатын. Әріптестері Айдарбектің есімін әр мереке сайын еске түсіріп, жанұясына құрмет көрсетіп, рухына тағзым етіп тұрады.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...