Алматыда ІІМ Алматы академиясының курсанттарын іріктеу жүріп жатыр

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы талапкерлер үшін өз есігін ашты.
Аздаған үзілістен кейін ІІМ Алматы академиясы Қазақстан полиция қатарында тұрып, Отанына адал қызмет ету жолын таңдаған курсанттарды даярлап шығаратын болады.
17 шілдеден бастап талапкерлерді қабылдау кампаниясы іске қосылды, онда Қазақстанның әр өңірінен келген ең лайықты абитуриенттер қатысуда. ІІМ Алматы академиясына оқуға түсуге таңдау жасаған ер жігіттер мен қыздар сынақтар мен нормативтерді тапсыруды бастап кетті. Талапкерлер дене шынықтыру дайындығы мен медициналық көрсеткіштері бойынша тексеруден өтуде. Соңғы кезеңде ҰБТ баллдары мен сынақтар нәтижелері негізінде іріктеу өткізіледі.
ІІМ Алматы академиясында атап өткеніндей, биыл ведомствалық жоғары оқу орындарының ішінде Алматы академиясы алғаш рет талапкерлерді қабылдауды жаңа форматта өткізіп отыр. Қабылдау туысқандардың тікелей қатысуымен және тәуелсіз сарапшылардың жұмылдырылуымен жүргізілуде. Сонымен бірге талапкерлерге жоғары дәрежеде барлық жағдайлар жасалды. Мәселен, мамандандырылған «Динамо» алаңы соңғы талаптар бойынша жабдықталды – жүргіру жолақтардың сапасы кандидаттардың нормативтерді тапсыруда жақсы көрсеткіштерлеріне оң әсерін береді.


Барлық шаралар Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Айдар Сайтбековтың тікелей басшылық етуімен және қатысымен өтуде. Осылайша, ол талапкерлерді тіркеу күні ІІМ ата-аналармен кездесу өткізді. Диалог конструктивті өтті. Ведомства басшысы жиналған қауымның барлық сұрақтарына жауап беріп, талапкер-кампания аясында өткізілетін барлық шараларға Академия тарапынан жауапты басқарушы құраммен таныстырды. Сонымен қатар, оқу орнының басшысы «Алтын белгі», жоғары балл иегерлерімен, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің балалары мен әйелдерімен, спортшылармен кездесті.
Оның айтуынша, курсанттарды іріктеу бойынша кампания ашық, объективті және толығымен жемқорлық әрекеттеріне жол берілмеуімен қоғамның бақылауында өтеді.
Мәселен, конкурстық комиссия мүшелерінің қатарында белгілі блогер, азаматтық қоғам өкілі, мектеп оқушылары арасында профориентация бойынша маман Айдос Жұманазар абитуриенттік кампанияның өту барысына қатысты пікірімен бөлісті:
«Іріктеу комиссиясының құрамында болып, аталған абитур-кампанияның ашықтығына көзім жетіп отыр. Оның барлығы, менің ойымша, дұрыс ұйымдастырушылық жұмыстарына байланысты», — деп атап өтті қоғамдық өкіл Айдос Жұманазар.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...