Алматыда мектепке тапанша әкелген оқушы сыныптасын атып жіберді

Алматыда мектеп оқушысы сыныптасын атып жіберді. Тапанша әкелген оқушы парталасының тура көзінен дәлдеген. Оқиға Томирис ықшам ауданында былтыр ғана ашылған жаңа мектепте болды. № 205 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларының арасында орын алған. Оқушылар арасындағы кижілжіңнің не үшін шыққаны белгісіз. Бірақ тапанша атылғанда сыныпта мұғалім болмаған. Ерегестен Т.Ж есімді бала жеңіл жарақат алған. Оқиғаның болғанын сынып жетекшісі растады.

«Бұл жағдай бірнеше апта бұрын болды ғой. Бәрін шештік. Директор да бұл жайттан хабардар. Оқушылар мен ата-аналар директордың алдында жиналып, мәселенің нүктесін қойды. Оқиға үзіліс кезінде болған. Балалар ойнап жатқан, біреуі тапаншамен атып жіберген», — деді  5 «г» сыныбының жетекшісі Кристина Котлярова.

Мұғалімнің сөзінше, тапанша ойыншық болған. Бірақ салмақты, ауыр тапаншадан қандай оқтың атылғаны да белгісіз. Жарақат алған бала дәлізге жүгіріп шығып, көмек сұраған.

«Тапанша атқан бала басқа мектепке ауыстырылды. Ал зардап шеккен баланың жағдайы жақсы, мектепке келіп жүр»,- деді сынып жетекшісі.

Мектеп директоры оқиғаны жасырып, өзара жылы жауып қойған. Оқыс оқиғадан қалалық Білім басқармасы хабарсыз болып шықты. Ал қалалық полиция бұл жайтқа қатысты мәселені анықтайтындықтарын жеткізді.

«Ол мектепте мұғалімі мен сынып жетекшісі бар, олардың жұмысына араласпаймыз. Ойыншық тапша ғой бар болғаны. Біз мәселені толық анықтайық, ресми жауабын береміз», — деді Алматы қалалық Білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Қуандық Ешімет.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...