Алматыда көпсалалы орталық қызмет көрсетілуде

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы (КҚКО) жұмыс істей бастады. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында жүзеге асты.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығын ашу — Президентіміздің Бизнес үшін үкімет құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам. Осыған дейін мұндай орталықтар Астана, Шымкент қалаларында ашылған болатын. Мұнда қаладағы мемлекеттік органдар мен банктердің өкілдері орналасқан. Кәсіпкерлерге бір  мыңға жуық қызмет түрі көрсетіледі. Кәсіпкерлер барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша ала алады.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығында ХҚО маманы да қызмет көрсетіп отыр. Ол ашылғалы бері, 10 күн ішінде 1 мыңнан аса қызмет көрсетіп үлгерді. Азаматтар көбіне мемлекеттік қызметтерді онлайн түрі  бойынша кеңестер алуға жүгінуде. Сонымен қатар Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, Жауапкершілігі шектеулі серіктес ашу, бірінші несие бюросы анықтамаларын алу, электрондық сандық қолтаңба жасату сияқты азаматтарға бизнес жоспарларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетуде.Мұның бәрі кәсіпкерлерді ХҚО-ға барудан босатады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Сонымен қатар Орталықта сервистік қызметтер көрсету, халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету тәрізді барлық қызметтерді алуға көмектесетінін де  орталықты ұйымдастырушылар ашық айтуда.

Кәсіпкерлерді қолдау көпфункционалды орталығы Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135 мекенжайында орналасқан.

Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден -14.30 аралығында болады.

Өз тілшіміз

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...