Алматыда күніне қанша көлік, такси және автобус жүреді?

Sergek Group компаниясы Алматыдағы қалалық көлік жүйесінің аналитикасын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, Алматыда күн сайын орта есеппен шамамен 647 мың көлік жүрді.

«Таксилер барлық орташа тәуліктік көлік саның 4 пайызын құрайды, бұл — 29 мың автокөлік. 2,4 мыңға жуық автобус шамамен 578 мың шақырым болатын маршрутты жүріп өтеді. Орташа алғанда, автобустар күніне 200 шақырымнан сәл астам жол жүрсе, жеке көліктер шамамен 31,5 шақырым жол жүреді», — делінген мәліметте.

Қалаға келуші көліктердің орташа тәуліктік жүгірісі — 4,8 миллион шақырым. Бұл Алматы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы қозғалыс белсенділігін көрсетеді. 2023 жылы Алматыдағы барлық көліктердің орташа тәуліктік жүрісі 20,5 миллион шақырым болған.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.