12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда балаларға 46 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді


Өткен жылы оңтүстік астана бойынша балаларға көрсетілген медициналық көмек түрлеріне Қор тарапынан 46 млрд теңге төленді. Оның 24,5 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.
Хабарламаға сүйенсек, Алматы қаласы бойынша емханаларға 643 мыңға жуық бала тіркелген. Былтыр оларға Алматы қаласы бойынша ТМККК және МӘМС аясында 46 млрд теңгенің медициналық көмегі көрсетілді. Шығынның негізгі бөлігін емханалық-амбулаторлық көмек құрады. Оған Қор 25,6 млрд теңге жұмсады. Осы кезеңде 60 мыңға жуық бала тәулік бойғы стационарларда емделген. Оған 17,1 млрд теңге, күндізгі стационарларда емделген 3 мың баланың еміне 304 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды, делінген хабарламада.
«МӘМС жүйесі балаларды емдеуге және олардың ден¬сау¬лығын сақтауға жұмсалатын қаржы көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Балаларға жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар үшін 10,8 млрд теңге жұмсалды. Оның 9,3 млрд теңгесі сақтандыру қаражаты есебінен төленді. Сонымен қатар, Қазақстанда жоспарлы стоматологиялық көмек балаларға тегін көрсетіледі. 2022 жылы оған 2,7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды», — дейді филиал басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, аурудың алдын алуға бағытталған профилактикалық тексерулерге көп көңіл бөлініп отыр. Алматы қаласы бойынша аталған кезеңде балаларды профилактикалық тексеруге 1,5 млрд теңге бағытталды.
Бір айта кетерлігі, қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады. Олар үшін жарнаны ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмекті де тегін пайдалануға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....