Алматыда «Ашық есік күні» өтті: 700-ге жуық тұрғын кеңес алды

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, қала тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара аясында азаматтар мамандарға тікелей жүгініп, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы, 700-ге жуық алматылыққа консультациялық көмек көрсетілді.

Филиал мамандары тұрғындарға ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндірді. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін рәсімдеу, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры және құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар, азаматтарға заңды тұлғаларды тіркеу, жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мәселелері бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері Алматы қаласының ХҚКО-лары арқылы филиал 700 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде: – көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке қою және есептен шығару бойынша – 217 063 қызмет; – паспорттар мен жеке куәліктерді беру бойынша – 120 524 қызмет; – жүргізуші куәліктерін беру бойынша – 42 911 қызмет көрсетілді.

Ашық есік күндерін өткізу мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.

Алдағы уақытта филиал мұндай іс-шараларды Алматы қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Заңды тұлғаларды таратудың негізгі құқықтық қырлары

Кәсіпкерлік қызметтің аяқталуын білдіретін маңызды құқықтық рәсім – заңды...

Тіл – ұлттың жаны мен болашағы

Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес, халықтың тарихын,...