Алматыда аптап қашан басылады? Синоптиктер болжамы

Синоптиктер Алматыда аптап қашан басылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

«Бүкіл кезеңде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде Қазақстанның солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аптап 45 градусқа дейін сақталады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстікте–шығыста +30…+37 градусқа дейін ыстық болады», — деді синоптиктер.

Алматыда 10-20 шілде аралығында жауын-шашын күтілмейтіні, аптап сақталатыны айтылды.

«Алматыда осы аптаның аяғына дейін аптап болады. Сондай-ақ, 10-20 шілде аралығында облыста ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • түнде +17…+22 градустан +12…+17 градусқа дейін;
  • күндіз +35…+40 градустан +30…+35 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +12 градустан +7 градусқа дейін;
  • күндіз +28 градустан +25 градусқа дейін», — дейді мамандар.

Қазгидромет 20-30 шілде аралығында ауа температурасының төмендеуі күтілетінін атап өтті:

  • түнде +10…+15 градусқа дейін;
  • күндіз +27…+35 градусқа дейін.

«Одан кейін ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде:

  • түнде +18…+23 градусқа дейін;
  • күндіз +35 … +40 градусқа дейін.

Шілденің аяғында ауа температурасы төмендейді деп күтіледі:

  • түнде +12…+17 градусқа дейін;
  • күндіз + 25 … + 30 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +5 градусқа дейін;
    күндіз +20 градусқа дейін жетеді», — деп қосты синоптиктер.

Олар шілде ішінде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болатынын атап өтті.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...