Алматыдағы лай көшкінінде қаза тапқан отбасы туралы жаңа дерек айтылды

Лай көшкіні кезінде қаза тапқан Денис Шиннің досы қайғылы оқиғадан екі сағат бұрын онымен сөйлескенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балалардың бірінің досы олар туралы айтып берді.

«Мен ата-анасымен таныс емеспін, бірақ біз Дениспен көп араластық. Дмитрий — үлкен ұлы, ол 21 жаста. Кішілері — егіз, олар 16 жаста. Олардың анасы — корей. Олар өгей әкесімен бірге тұрды, ал олардың әкелері, білуімше, басқа елде тұрады. Мен Дениспен бір жыл бұрын «Медеуде» таныстым, біздің ортақ достарымыз болды. Біз бірге қыдыратынбыз, бірге көп уақыт өткіздік. Олар 48-мектептің 9-сыныбында оқыды», — дейді Денистің досы Арыстан Әбілқаев.

Денис Шен 

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кейін төрт адам да қаза тапқаны белгілі болды.

Ақпар

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.