АЛМАТЫДАҒЫ БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Балалар колониясында 1 қыркүйек – Білім күні салтанатты түрде атап өтілді.
Еліміздің әнұранымен басталған салтанатты жиынды №11 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мирас Андреевич Толубаев құттықтау сөзбен ашты.
«Бүгінгі күні біздің мекемеде 37 бала өз жазаларын өтеп жатыр. Соның ішінде барлығы 25 бала мектеп партасына отырады. Біздің мақсатымыз ойнақтап жүріп от басқан балаларға сапалы білім беріп, оларды жарқын өмірге тәрбиелеу. Бұл орайда мекеме ішіндегі Жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының еңбегі ерекше. Өткен оқу жылында сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырып, өздерінің жыл бойы алған білім сапаларының нәтижелі екенін дәлелдеген болатын. Биылғы оқу жылы да балалар үшін зор табысқа толы жыл болады деп сенемін»-деді мекеме басшысы М.Толубаев.
Сонымен қатар оқушыларды алғашқы қоңыраумен құттықтаған мектеп директорының орынбасарлары Людмила Васильевна Алмазова мен Айзада Абдимадиқызы Алиева да жазалы балалардың оқуға, білім алуға деген ынталарының зор екенін атап өтті. Оларға жаңа оқу жылында да жетістіктер тілеп, оқушыларды сыныптағы алғашқы сабаққа салтанатты түрде шақырды.
Республикадағы жалғыз балалар колониясындағы жалпы білім беретін мектептегі қазақ бөлімінде 13, орыс бөлімінде 12 бала білім алуда.
Білім күніне арналған салтанатты мерекеде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, оқуға деген құштарлықтарын танытты.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...