2023 жылдың 6 айында Алмалы аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшауланбаған 252 сотталған.
Осылайша, жыл басынан бері жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін қасақана бұзғаны үшін 7 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Аталған адамдар тиісті қорытынды шығармай, жазасын өтеу кезеңінде қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, кешкі уақытта тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде үйде болмаған, сондай-ақ тіркеуге тұруға келмеген. Сотталғандардың қасақана бұзғаны үшін жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру заңды өмір салтына және жазаны өтеу тәртібін сақтауға әкелетінін айта кеткен жөн.


