Алименттен жалтарған Ақтөбе облысының тұрғыны бас бостандығын шектеу жазасына сотталды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында алимент төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған азамат бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасын Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметінің есебінде өтеп жүр. Қазір оның жалақысының 50 пайызы баласының күтіміне жұмсалуда.

2020 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының 31 жастағы тұрғыны Н.-ға баласының күтімі үшін жұбайына алимент төлеп отыруға Сот шешімі шығады. Алайда, азамат Н. сот міндеттеген талапты орындауға міндетті екендігі жөніндегі ескертулерге құлақ аспай, алимент төлемеу әрекетін жалғастыра береді. Осыған байланысты ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 669 бабы 1 бөлігімен жауапкершілікке тартылады. Десе де, Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін біле тұра, бұдан кейін де қорытынды шығармаған азамат Н. 3 айдан астам уақыт алимент төлемей қояды. Яғни, Азамат Н. жұмыс жасап, еңбекақы алып отырса да, өзінің жұмыс орны мен табыс көзі туралы мәліметтерді жеке сот орындаушысына хабарламай, табыс көзін жасырған.

Аталғандарға байланысты Сот шешімімен азамат Н.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 бабымен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

«Азамат Н. өзінің әкелік құқығынан бас тартып, Сот белгілеп берген алимент төлеу міндеттемелерін орындамағаны үшін және міндеттемелерін елемеуді жалғастыра бергені үшін сотталып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылып, Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынған.
Қазіргі уақытта ол, Пробация қызметінің есебінде тұрып жазасын өтейді және жалақысының 50 пайызын кәмелетке толмаған қызының күтіміне жұмсап отыр, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...