12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз, әрі парызымыз»

Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері әлеуметтік желілерге және барлық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып жатқан, азаптау деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізу құзыреті Арнайы прокурорлар басқармасына басым санатпен айқындалды.

Бұл құзырет Қылмыстық-процестік кодекспен және Бас Прокурордың Нұсқаулықтарымен бекітілді.

Өкінішке орай, адам құқықтарының өрескел бұзылуы, оның ішінде азаптау және тергеудің басқа да заңсыз әдістері әлі де болса елімізде орын алуда. Оларды түп-тамырымен жою және болашақта болдырмау бәріміздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі.

Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында елімізде соңғы жылдары көптеген пәрменді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан адам құқықтарын сақтауға қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларға қосылды, оның ішінде БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы және Стамбұл хаттамасын ратификациялады.

Шымкент қаласы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралар шеңберінде, қадағалаушы прокурорлармен бірлесіп, қылмыстық істерді тіркеу мен қылмыстық процеске қатысушылардың қатысуымен тергеу әрекеттерін заңнама талаптарына сай жүргізу мәселелерін қатаң бақылауға алған және осы бағытта жүйелі жұмыстарды іске асыру нақты жолға қойылған.

Қазіргі уақытта қала көлемінде қылмыстық істер бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шаралар қолданып, қылмыстық істер бойынша орын алған қылмыстық оқиғаларды мұқият зерттеу, іс материалдарын тереңірек зерделеу және басшылық тарапынан ведомстволық бақылауды күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бұл жүйелі іс-шараларды атқару барысында Шымкент қаласының прокуратурасы Бас Прокурордың 09.01.2023ж. №15 бұйрығымен бекітілген Қағиданың талаптарының негізінде жүзеге асыруда.

Бұдан бөлек, қала прокуратурасы құқық қорғау және арнайы органдарына қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу кезінде ҚПК-тің 209-бабының талаптарын сақтауды және оның бұзылуына жол бермеуді, сондай-ақ жауап алынған адамнан оған қатысты азаптауды немесе өзге де психологиялық немесе физикалық қысымды қолданғаны/қолданбағанын мұқият зерттеуді тапсырды.

Қала прокурорының тапсырмасы негізінде,азаптауларды алдын-алу, олардың жолын кесу және орын алған фактілерді дер кезінде тексеруді ұйымдастыру мақсатында қылмыстық қудалау және қылмыстық атқару органдарының қалалық департаменттерінің құрылымдық мен аудандық басқармаларының ғимараттарынажалпы 3685 бейнебақылау камералары орнатылған.

Ал қала прокуратурасы қызметкерлеріне планшет арқылы онлайн режимде бейнежазбаларды көруге мүмкіндік жасалды.

Бұдан бөлек, жеткізілген және ұсталған азаматтардың туыстары мен қорғаушылардың, қылмыстық қудалау органы тарапынан заңдылықты бұзушылықтар орын алған жағдайда (қысым көрсету, қорғаушыға заң көмегін көрсетуге мүмкіндік бермеу және т.б.) прокурорларға дереу хабарласуы үшін аудандық полиция басқармаларында «домофон» құрылғысы орнатылды.

Нұсқаулыққа сәйкес прокурорлар тәулік бойы қылмыстық қудалау органдарының қалалық департаменттерінде және күдіктіні ұстау орындарында кезекшіліктерін түзілген алгоритмнің негізінде атқаруда, сондай-ақ, олар арандатушылықты болдырмау үшін барлық әрекеттерді фиксациялау мақсатында бейнежетондармен қамтамасыз етілді.

Қала прокуратурасының қызметкерлері азаптау туралы арыздарды тіркеу, қарау және процестік шешім қабылдау кезінде заңдылықтарға жол бермеу мақсатында, күнделікті мониторинг жүргізуде. Бұл бағытта жауапты қызметкер бекітілген.

Адам құқықтары саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың бірі-азаптауға қарсы ұлттық алдын алу механизмі. Сондықтан оны құру Қазақстан үшін адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың біріне айналды. Біз жаңа қоғамдық институт елдегі заңдылықты нығайтудың пәрменді құралы болатынына сенімдіміз.

Жоғарыда көрсетілгендей, бұл жүйелі іс-шараларға прокуратура органдары белгілі бір үлес қосуда. Құқық қорғау органдарының ғимараттарында кезекші прокурорлар институты жұмыс істеуде, келген және жеткізілген тұлғаларды электрондық тіркеу, қылмыстық істерді электронды нысанда тергеу енгізілді, жаңғырту процесі жалғасуда.

Азаптау фактілерінің орын алуына себеп ретінде құқық қорғау органдарының сапасыз жұмысымен және олардың басшылары тарапынан ведомстволық бақылаудың әлсіздігімен түсіндіруге болады.

Қала прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға, оның ішінде қинаудан, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттерден қорғауды қамтитын адамның қадір-қасиетіне қол сұқпауға ерекше мән беруде және қатаң бақылауда.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Арнайы прокурорлар басқармасы

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...

Әкімшілік рәсімдер

Әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі...