12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық істер бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу бойынша

Қазақстан Республикамыздың Жоғарғы Сотының алға қойған реформаларының бірі — соттардың істерін азайту, мүмкіндігінше істерді бейбіт жолмен, бітімгершілікпен шешу болып табылады.

Сондықтан да соттарда бірнеше пилоттық проекттер құрылған. Оның бірі татуластыру рәсімдерін дамытудағы нақты қадам ол – сот медиациясы. Жалпы, тараптар арасында туындаған дауды шешудің ең жақсы, тиімді тәсілі — дауды бітімгершілікпен шешу екендігі мәлім.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексімен, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексімен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен қарастырылған.

Тіпті «Сотқа дейін татуласу» деген ұғым да заңмен белгіленген, яғни бұл деген дауды (жан-жалды) соттың қатысуынсыз, сотқа жүгінбей-ақ тараптар дауды өзара шеше алады деген сөз. Бұл ішінара дұрыс, себебі адамдардың олардың арасындағы дауды (жан-жалды) кәсіби және кәсіби емес медиаторларға, адвокаттарға, заңгерлерге, нотариустарға және т.б. жүгіну арқылы дауларын шешіп, бір мәмілеге келе алады.

Алайда, тараптар сотқа жүгінген уақытта, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік, әкімшілік рәсімдік істерді өндіріске қабылдау және қарау кезінде де жүргізіліп жатқан өндірістің кез-келген сатысында келісіммен аяқтай алады.

Жеке азаматтық сот өндірісіне келетін болсақ, талап арыз сотқа түскен сәттен бастап оны сот шешімі шығарғанға дейін азаматтық іс бойынша тараптардың татуласуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай-АПК) 48-бабының 1-тармағына сәйкес, талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 169, 170, 171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.

Сондай-ақ, АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, iс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Тараптар аталған келісімді жазбаша түрінде жасап, келісім азаматтық іске тіркеліп, АПК-нің 278-бабына сәйкес, оларға іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары түсіндіріледі, ал іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады.

Сот, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді зерттеп, жасалған келісім заңға қайшы келмейтінін, басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтынын, сондықтан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша келісімді бекітуден бас тартуға негіз жоқ екенін ескеріп, тараптармен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, сот ұйғарымында мемлекеттік бажды талап қоюшыға осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Абдумалик Адилов

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...