12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтардың төлем қабілеттігін қалпына келтіру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 қаңтарда елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде тапсырма берген еді. Осыған орай, Парламент мәжілісі депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, тиісті орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылып, Қаржы министрлігінің бастамашылығымен аталған заң жобасы әзірленді. Кез келген мемлекетте эконо¬миканы несие арқылы қолдаудың екі арнасы бар, біріншісі – бизнеске берілетін кредит кәсіпкерлікті дамы¬туға бағытталады, өндіріс қуатын арттырады, сол арқылы қаражат айна¬лымын жақсартады; екіншісі – халыққа берілетін кредит, бұл тауарлар мен қызметтерге деген тұты¬ну¬шылар сұранысын қанағаттан¬дыру¬ға бағытталады. Cоған байла¬ныс¬ты жаңа жыл қарсаңында «Қазақ¬стан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңы жарияланды. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды. Аталмыш заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң өз күшіне толық енді, яғни 2023 жылдың 3 наурызы¬нан бастап ел азаматтары осы заң аясында борышкерлік мәселелері бойынша тиісті қаржылық мекеме¬лермен толыққанды жұмыс істей бастады.
Қазіргі таңда азаматтардың біраз бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлағаны белгілі. Оның әртүрлі себептері бар: жұмысынан айыры¬лу немесе жұмысқа жарамсыздық, экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі және коронавирус инфекциясына қатысты карантиндік іс-шаралар салдарының әсері коммуналдық төлем, салық бойынша берешегі бар азаматтардың қатарын көбейтті. Несиесін төлей алмай жатқан азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін немесе банкрот етіп жариялау үшін үш нақты жол көрсетілген.
Арыз 2023 жылдың 3 наурызынан бастап «Электронды үкімет», «e-Salyk Azamat» және «ХҚКО ақпараттық жүйесі» веб-порталы арқылы қабылданады.
Арызға олардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері көрсетілген кредиторлардың тізімі, борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру шарты бойынша берешекті өтеуді және (немесе) өндіріп алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Соттан тыс банкроттық Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады
Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.
Қарыздар:
Екінші деңгейдегі банктер;
Микроқаржы ұйымдары;
Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.
Шарттары:
Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді
Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ
Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)
Ерекше шарттары:
6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін — борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе — жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді
Әрине, банкрот болу туралы шешімді мың қайтара ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет кескен абзал. Өйткені оның салдары да бар. Мәселен, өзін банкротпын деп жариялаған жеке тұлға 5 жыл бойы займ және несие ала алмайды. Екінші рет банкрот болу үшін араға 7 жыл салу қажет. Сонымен қатар заң бойынша банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді. Сондай-ақ жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылық курстарынан міндетті түрде өтуі жоспарланған.
Қазақ¬станда банкрот болу – қаржылық еркіндіктен ажырау.
«Банкрот болсам, мемлекет бүкіл қарызымды кешіре салады деп жеңіл ойлауға болмайды. Егер заң¬ды тұлға немесе кәсіпорын банк¬рот болса оның мүлігі, кеңсе тех¬ни¬касы, үй-жайын сатып, креди¬тор алдындағы қарыз бөлігін өтеу¬ге болады. Жеке тұлғаның да мү¬лігі мен жылжымайтын мүлігін сату¬ға болады. Бірақ мүлігі жал¬ғыз және қол сұғылмайтын болса, онда оны сату қиын. Демек, клиент¬¬¬тің қарызы кешірілмейді, өтеу үшін кейінге қалдыру мүмкін¬ді¬гі беріледі. Әйтпесе үлкен мөл¬шер¬де несие алған кез келген қа¬зақ¬стан¬дық банк алдындағы жауаשּׁкер¬шіліктен жалтару үшін өзін бан¬крот деп жариялай беруі мү쬬кін ғой. Сондықтан бұл заң жоба¬сы ұзақ дайындалды
Тірлігім түзу болсын десеңіз, қаржы-қаражатты сауатты түрде пайдалану мен басқару ісін назарда ұстаған абзал.


Нұржан ТӘШТЕНОВ,
Шымкент қаласының
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...