Алматы қаласындағы №21 қалалық емхананың директоры Ерлан Құдабаев пікірін білдірді:

— Қалалық емхананың басшысы болып жұмыс істей отырып, күн сайын пациенттермен және медицина қызметкерлерімен өзара іс-қимыл барысында денсаулық сақтау мәселелері Қазақстанның әрбір азаматы үшін ең маңыздылардың бірі болып қала беретініне сенімдімін.
Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормалар азаматтарды сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін берік негіз жасайды.
Әрбір азаматтың денсаулығын сақтау құқығын бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері ерекше маңызға ие. Конституция заңда белгіленген медициналық көмектің тегін көлемін алуға кепілдік береді, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтер көрсетудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қазіргі заманғы сын қатерлер мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып дамуда.
Маңызды қадамдардың бірі пациенттерге медициналық көмектің кең спектрін алуға мүмкіндік беретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу болды.
Консультациялық-диагностикалық қызметтердің, жоғары технологиялық медициналық көмектің, жоспарлы операциялардың, оңалту іс-шараларының және мамандандырылған емдеудің тізбесі едәуір кеңейді. Пациенттер диагностика мен емдеудің заманауи әдістеріне кеңірек қол жеткізді, бұл ауруларды ерте анықтауға және медициналық көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
МӘМС жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік әділеттілік қағидаты ерекше маңызға ие. Мемлекет медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жарналарды төлеуді өзіне алады. Бұл мемлекеттік кепілдіктер мен сақтандыру медицинасының қосымша мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Біздің емхананың жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, МӘМС дамыту медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттарын енгізуге ықпал етеді.
Қосымша қаржыландырудың арқасында медициналық ұйымдар диагностикалық зерттеулердің, мамандардың кеңестерінің, операциялардың және оңалту қызметтерінің тізімін кеңейтуге мүмкіндік алды.
Сарапшылар МӘМС жүйесін одан әрі дамыту денсаулық сақтаудың профилактикалық бағытын нығайтуға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұл ретте мемлекет еліміздің әрбір тұрғынына базалық медициналық көмекті қамтамасыз етуге: шұғыл медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, вакцинация, скринингтік тексерулерге кепілдік береді және бірқатар әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан барлық азаматтарға тегін беріледі.
Денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде де бекітілген. Мемлекет азаматтарға медициналық көмекке тең қолжетімділікті, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасын, профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты және денсаулық жағдайы бойынша кемсітушіліктен қорғауды қамтамасыз етеді.


