12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Адам құқығын сақтау міндет!

Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап адам құқығын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді. Елімізде бұл бағытта көптеген заңнамалар қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, тіпті мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларына да бұл мәселе арқау болып келеді. Елімізде адам құқығын қорғайтын көптеген ұйымдар да баршылық.

Мәселен, елімізде Адам құқығы жөнінде уәкіл, Президент жанындағы адам құқығы туралы комиссия және тағы басқа да құзыретті мекемелер бар. Олар күнделікті өмірдегі адам құқығы, азамат құқығы жайында жыл сайын әртүрлі шолулар жасайды. Қазақстандағы адам құқығының жағдайы туралы есеп береді. Бұлар адам өмірінің құндылығы, жалпы Қазақстандағы бүгінгі күнгі әлеуметтік өмірдегі жағдай, халықаралық құқықтар, білім саласы, денсаулық саласы болып жіктеліп кете береді. Әрине, абақтылардағы ахуал да қалыс қалмайды. Оларға арнайы барып, аралап көріп те жатады. Бұл еліміздегі адам құқығының өте қатаң қадағаланатынының бір көрсеткіші. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді», деп атап өткен болатын. Яғни адам құқығы сақталған елдің дамуы да қарыштап алға жылжи береді.

Азаптауларға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесі де бүгінгі күні жиі айтылуда. Мемлекет басшысы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарсы халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіруді тапсырды. Осылайша, елімізде азаматтардың әлеуметтік қорғалуын нығайтуда, балалардың, қарттардың, әйелдердің, жастардың жағдайын жақсартуда, этникалық және діни топтардың, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың және халықтың басқа да осал топтарының құқықтарын сақтауда, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерінің жұмыс істеуі барынша жетілдірілуде.

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...