Абай облысы ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері балаларына арнап Жаңа жылдық шырша ұйымдастырды

Жаңа жыл қарсаңында мекеме басшылығының бастамасымен, кадр саясат бөлім қызметкерлерімен өз қызметкерлернің балаларына арнап «Асима» сауда үйінің ғимаратында, ойын – сауық орталығында Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.   Мереке қонақтарын шыршада Аяз ата мен Ақшақар қарсы алып, балаларға жағымды эмоциялар сыйлады. Ойындар мен билермен қатар жарқын, мазмұнды бағдарлама бірде-бір қонақты тыс қалдырмады.

Кез келген корпоративтік іс-шаралар корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады, олар команда құрып, мәселелерді сәтті шешуге мүмкіндік береді. Жаңа жыл ең алдымен, отбасылық мереке, сондықтан бұл отбасымен достасуға, оларды бір-бірімен таныстыруға тамаша мүмкіндік.

«Жаңа жыл- әрқашан жақсылыққа деген жарқын үміт, жақсы өзгерістер, қуанышты оқиғалалар күту. Жаңа жылда шаңырақтарыңызға құт-береке, шаттық, ырыс-береке әкелсін, қиыншылықтар артта қалсын. Сіздерге бақыт, сәттілік, бастарыңызда бейбіт аспан тілеймін!», — деді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.М.Ахметжанов.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...