Абай облысында ҚАЖ қызметкерінің «Анасы» марапатталды

Абай облысынының түзеу мекемесінде қызмет атқаратын, үздік қызметкердің анасы, баласының үздік жетістіктері үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Семей қаласындағы №19 мекеме басшылығы, осы мекеменің жасақ бастығы -ҚАЖ үздігі әділет майоры Төлеутаев Русланның анасы-Куляш Сатбаевнаны, тәрбиелеген баласының жоғары нәтижелі жетістіктері үшін, «Алғыс хатпен» марапаттады.
Бала кезінен ойға сергек, ақылға озық Русланның ең сүйікті ермегі спорт. Жасақ бастығының оңай емес қызметімен қатар, сүйікті ісін қоса алып жүрген ол волейбол мен футболға мықты. Футбол оның өмірінің ең маңызды бөлігі десек, артық айтпас едік. Русланның футболға деген қызығушылығын, жанұясында ата-анасы мен жары-Толғанай әрқашан қолдап отырады. Оның жеңісті матчтарын екі алтындай-қыздары да тамашалағанды ұнатады. Ағымды жылы Руслан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрама командасының қатарында Ресей елінде өткен, ТМД елдері арасында өткен жарыста мақтаулы марапатпен оралған еді.
«Руслан-қызметіне адал, тиянақты, отансүйгіш, шыншыл азамат. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай айтқандай, жас мамандарға әрқашан үлгітұтар, мекемеміздің мақтанышы. Осындай азаматты тәрбиелеген анамыз жүз жасасын»-дейді кадр саясаты бөлім бастығы Дидар Жұмаханова
«Руслан мектеп қабырғасында оқығанда осындай марапаттар алып тұратынмын. Бүгінгі марапат күтпеген қуаныш болды. Қызметкерлерін құрметтеп отырған мекеме басшылығына көп рахметімді айтамын»-деп сөзін аяқтада Ардақты Ана.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...