Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері «Есірткісіз өмір» акциясын өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас колония қызметкерлері Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күніне арналған акция өткізді.
Қауіпсіздігі аралас колонияда барлығы 54 аттестатталған құрам қызметкері жұмыс істейді. Мекемеде жеке құрам арасындағы идеологиялық тәрбие дұрыс бағытқа қойылған. Қызметкерлер күнделікті өз міндеттерін орындаудан басқа, насихаттау, ақпараттық, қайырымдылық, түсіндіру сияқты түрлі акциялар ұйымдастырады: Бүгінгі акцияда олар жастарды салауатты өмір салтына шақырды. Мұндай акцияны ұйымдастыруға жастардың алкоголь мен есірткіге тәуелділігі олардың болашағын бұзуы мүмкін екендігіне назар аудармайтындығы себеп болды. Мекеме қызметкерлері физикалық дайындықтан өткен болуы керек, арқашан формада болуы керек, өйткені бұл олардың қызметтік міндеттерін атқаруда қойылатын талаптардың бірі. Сондықтан қызметкерлердің спортпен шұғылдануына ерекше назар аударылады. Мен әрқашан тәртіпті күзететін адамдардың жастар мен халық үшін үлгі болуы керек деген пікірді ұстанамын * дейді мекеме бастығы Бауыржан Тоқтыбаев

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...