Абай облысында электрондық браслет таққан сотталған бас бостандығынан айырылды

Электрондық бақылау құралдары қолданылған пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

«Жақында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты білезік түріндегі электронды бақылау құралдары қолданыла бастады.

Курчатов қалалық пробация қызметінің есебінде бұрын адам өлтіргені үшін қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеген, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, кейін жүктелген міндеттерін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылған сотталған тұр.

Бостандыққа шыққаннан кейін қылмыстық әрекетін жалғастырып, азамат С. ұялы телефонды ұрлағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Есепке қойылған күннен бастап жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан ол жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға жол беруді жалғастырды. Сонымен қатар, есепке қою кезінде тәрбие жұмыс айқындау үшін шынайы көрініс алуға мүмкіндік беретін сотталғанның жеке басы зерделеніп және оған салынған жазалар ескеріліп азамат С. электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылданды», деді әділет капитаны Назым Тохтар.

Сотталғанмен жазасын өтеу кезінде сот үкімімен жүктелген міндеттерді бірнеше рет бұзуға жол берілді. Бұл пробация қызметінің жазаны неғұрлым қатан түрге ауыстыруға Курчатов қалалық сотына ұсынуын жіберуге негіз болды. Абай облысы Курчатов қалалық сотының қаулысымен сотталған С.-қа қатысты бас бостанды,ынан шектеу түріндегі өтелмеген мерзім 6 ай 2 күнге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...