12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АБАЙ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ 17 МАҚСАТЫ

Біз бүгінде барлық жағдайлар болсын, сөз арасындағы мәселелерді шешу немесе қарым-қатынас жағдайларына түскенде өте жиі қолданатын, сөзімізді дәлелдеуге, нақтырақ шығуға көмектесетін сөздер жиынтығын Абайдың шығармашылығынан іздейміз. Абайдың қара сөздерінің әрқайсысы бір мәселенің шешімін табуға, нәтижесін шығаруға көмектеседі. Тіпті әрбір отбасында болатын  шежіре, Құран кітабы сияқты, Абай философиясының түйіні жазылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан ашылған Абай ғылыми-зерттеу институты жасаған «Абайдың кісілік кодексі» деп аталатын дүние әрбір шаңырақтың төрінен орын алуы қажет.

Айта кетсек, БҰҰ мүше барлық мемлекеттер тұрақты даму күн тәртібі аясында біздің ғаламшарымыз үшін адамдарға арналған Тұрақты дамудың 17 мақсатың (17 SDGs) қабылданған болатын.  2030 жылға дейінгі қабылданған бұл 17 мақсатқа қол жеткізу үшін 15 жылдық жоспар жасалды. Еуропа елдерінде осы 17 мақсат жазылған плакат қабырға газеттері көптеген отбасы шаңырақтарында қабырғаларында ілулі тұрады.

Тұрақты дамудың 17 мақсаты:

  1. Кедейлікті жою;
  2. Аштықты жою;
  3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат;
  4. Сапалы білім;
  5. Гендерлік теңдік;
  6. Таза су және санитария;
  7. Қолжетімді және таза энергия;
  8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу;
  9. Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
  10. Теңсіздікті қысқарту;
  11. Тұрақты қалалар мен елді мекендер;
  12. Жауапты тұтыну мен өндіру;
  13. Климат өзгеруімен күрес;
  14. Теңіз кожүйелерін сақтау;
  15. Құрлық экожүйелерін сақтау;
  16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар;
  17. Тұрақты даму үшін серіктестік.

Осы жерде сұрақ туындайды, неге біз де «Абайдың кісілік кодексін» ілмеске? Өкінішке орай,  аталмыш университетте ғана ілінген. Егер бұл кодекс барлық мекемелерден орын алса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі Абай Тұрақты дамудың 17 мақсатында айтылған мәселелердің көпшілігіне тоқталып өткен, алдын алуға шақырған.

Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі оқу-білім, ғылым тақырыбына негізделген. Тұрақты дамудың 4 мақсатының көздегені де осы. Абай «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде үлкен табандылық көрсеткен де ғана көздеген мақсатттарға білім арқылы қол жеткізуге болатындығын жеткізген.

Артық әрекеттер мен өсектің, мақтаншақтық, еріншектік пен ысырапшылдықтың адамға үлкен зиянын тигізетінін ескертіп өткен. «Бес асыл істі» бойға сіңіру керектігін айтады. Абай көзқарасы бойынша, өмірде мақсатқа жеткізетін нәрсе — оқу-білім мен үнемі ізденіс, талпыныс болу керектігін айтады.
Қорыта айтқанда, Абай шығармашылығының тұнып тұрған философиялық ойларымен бүгінгі БҰҰна кіретін мемлекеттер қабылдаған Тұрақты дамудың 17 мақсаты сабақтастық алып жатыр. Сондықтан да қолда бар да алтынымыз «Абайдың кісілік кодексінің» орны толмас қазына екенін бағалайық, дәріптейік.

Ержан Әуел, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты

Кенжеқожаева Алма, Қырғызбаева Айгерім, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ҒЗИ қызметкерлері

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...