№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өткізілді. Аталған шараға Абай облысы Әділет департаментінің өкілдері мен Семей қаласының жеке сот орындаушылары қатысты.

Кездесу барысында сотталғандарға атқарушылық іс жүргізу, берешектерді өтеу тәртібі, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгіну алгоритмі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды.

— Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал ету, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне жағдай жасау, — деп атап өтті тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар Нұрболат Сапарғалиев.

Осындай кездесулер сотталғандар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...