ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасында әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыру барысында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамада көзделген процестік мәжбүрлеу шаралары осы мақсатқа қызмет етеді. Олар сот процесінің қалыпты әрі тиімді өтуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сот актілерінің орындалуына және сотқа құрмет қағидатының сақталуына ықпал етеді.
Процестік мәжбүрлеу шаралары әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың заң талаптарын орындауына бағытталған құқықтық тетік болып табылады. Бұл шаралар сот отырысының тәртібін бұзуға жол бермеуге, соттың беделі мен тәуелсіздігін қорғауға және сот төрелігінің сапалы жүзеге асуына жағдай жасауға арналған.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, мұндай шараларға ескерту жасау, сот отырысы залынан шығарып жіберу, құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды жолдау, сондай-ақ ақшалай өндіріп алу жатады. Аталған шаралар заңда белгіленген нақты негіздер болған кезде ғана қолданылады және олардың әрқайсысы істің мән-жайына қарай бағаланады.
Мысалы, сот отырысы барысында тәртіп бұзылып, сотқа немесе процеске қатысушыларға құрметсіздік көрсетілген жағдайда судья алдымен ескерту жасай алады. Егер бұл нәтиже бермесе, құқық бұзушы тұлғаға қатысты неғұрлым қатаң шаралар қолданылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер сот талқылауының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, сот актілерін орындаудан жалтару немесе соттың заңды талаптарын қасақана орындамау фактілері де процестік ықпал ету шараларын қолдануға негіз болады. Мұндай жағдайларда материалдар құзыретті органдарға жолданып, құқық бұзушы тұлға заңнамада көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде судья әрбір жағдайды жеке қарастырып, заңдылық, әділдік және теңгерімділік қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Бұл шаралардың басты мақсаты – азаматтарды жазалау емес, сот процесінің тәртібін қамтамасыз ету және заң талаптарының орындалуына қол жеткізу.
Сот билігінің тиімділігі көп жағдайда сот шешімдерінің орындалуына және сот отырыстарындағы тәртіптің сақталуына байланысты. Сондықтан процестік мәжбүрлеу шаралары әкімшілік сот өндірісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды заң талаптарына сай және орынды қолдану сотқа деген қоғамдық сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттырады.


Г. УКШЕБАЕВ, Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...

« ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026»

С 29 ИЮЛЯ ПО 9 АВГУСТА 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА ВПЕРВЫЕ СТАНЕТ ЭПИЦЕНТРОМ МИРОВОГО СПОРТА И КИБЕРСПОРТА. В ЭТИ ДНИ В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026» (GOTF...

АСПЕКТЫ РАЗВИТИЯ АПК

В АСТАНЕ ПРЕЗЕНТОВАНЫ ТРИ СТРАТЕГИЧЕСКИХ ПРОЕКТА, КОТОРЫЕ ПРЕДСТАВИЛИ ВИЦЕ-МИНИСТР СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ЕРМЕК КЕНЖЕХАНУЛЫ И РЕГИОНАЛЬНЫЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ И СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ОРГАНИЗАЦИИ ООН...