12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бұл жолғы ұраны бөлек. Дүбірлі дода ата-бабалар рухына тағзым және ерлігіне бас ию мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.

Бауыржан Момышұлы бастаған батыр бабаларымыз білім мен білектің күшімен Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, қазақ халқының көзсіз батылдығын әлемге паш етті. Олар ұлы даланың еркін азаматтары және елі мен жерін шын сүйген тұлға еді.

Тарихи деректерде жауға қарсы шапқан жүйріктер туралы да жазылады. Мәселен Батыр Бауыржан ақбоз атымен ерлік көрсетіп, өзінің серігі туралы айтқаны бар. «Мен атбаптар қазақтың баласымын. Жылқы жүйрігін айтпай танимын. Егер мен білсем, бұл – қазақтың қарабайыр жылқысы. Еркін далада құйынмен жарыса, көсіле өскен, кең тынысты жануар. Күн-түн шапсаң талмайды, өзі ақбоз екен».

Ақбоздан қалған тұқымдар қазіргі қазақтың тақымында. Олар бейбіт күннің жаршысы, бейбіт күннің жүйрігі. Сол жүйріктердің шабысы мен жарысын 9-14 мамыр аралығында көре аласыздар.

500 шақырымдық марафон-бәйге үздік жылқы тұқымын анықтайды және шабандоздардың шыдамын шыңдайды. Шет елдерден келетін 7 команда (Ресей, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Иран, Қырғызстан және т.б) отандық 13 командамен бірге бақ сынайды.

Марафон бағыты Қазақстанның көркем және тарихи маңызы зор өңірлерін қамтиды. Атты шабандоздар Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен бастау алып, Конаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді. Шетелдік қонақтар үшін этноауылдар, фотозоналар және интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша «Ұлы дала жорығы» тек жарыс алаңы ғана емес, халықтар арасындағы мәдени байланыс пен достықтың және ерліктің алаңына айналды.

Марафон-бәйге «JORYQ» ат спорты федерациясы, Алматы облысының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастырумен және «Amanat» партиясы мен «Alageum Electric» компаниясының қолдауымен өтеді.

«JORYQ» ат спорты федерациясының өкілі

Сәкен Сейітханұлы +7 778 854 54 05

Инстаграм: @joryqofficial

Shymbulak тауларда қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік ережелерін еске салды

Қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде Shymbulak тау курорты фрирайдерлерді,...

Shymbulak напомнил о правилах безопасности в горах в лавиноопасный период

В период повышенной лавинной опасности горный курорт Shymbulak призывает...

Баланы асырап алу тәртібі

«Бала - туғандікі емес, баққандыкі» деп босқа айтылмаған болар....

Баланың тұрғылықты жерін айқындау мәселелері

         Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау – ата-аналар...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, өсуіне...