12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Қаңтар оқиғалары еліміздің күштік құрылымдар жүйесінің, олардағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің кәсіби біліктіліктері мен міндеттеріне адалдықтары ғана емес, азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімі үшін сынақ әрі ащы сабақ болғаны даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында ұлттық қауіпсіздік жүйесін түбегейлі қайта құрудың маңызын атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда елімізде осы маңызды іске түрен салынғаны белгілі болып отыр. Саланы қайта құрылымдау, қауіпсіздіктің жаңа талаптарын айқындау, оларды жүзеге асыратын кадрлар құрамын тазалап, біліктілік деңгейін көтеру, жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар басталған сияқты. Бұл ретте Мәжіліс депутаттары айрықша белсенділік танытып жатқаны белгілі болды. Халық қалаулылары ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда тиісті құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің қазіргі жаңа геосаяси жағдайда да аса өзекті екенін ескеріп, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашы болыпты. Бұл құжат осы дүйсенбіде өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның қарауына шығарылып, жан-жақты талқыланды. Алқалы бас қосуда заң жобасын оның бастамашыларының бірі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан қорғады. Айгүл Сайфоллақызының айтуынша, заң жобасында ұлттық қауіпсіздік қағидаттары біршама өзгерген. Бұл адам құқығы басымдығы принциптерін еш жоққа шығармайды, керісінше, оларды Конституцияға сәйкестендіретін болады. Заң жобасы бойынша 2 кодекс пен 11 заңға енгізілетін өзгерістер негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күштердің заманауи сынақтарға дайындығын арттыру, осыған қатысты заңнамадағы кейбір олқылықтарды жоюды көздейді. Бұл ретте бірінші кезекте қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын стратегиялық объектілерге жатқызу және қорға­ныс пен қауіпсіздік мұқтажы үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізетін өлшемдер де қарастырылды. Айгүл Сайфоллақызының айтуынша, осыған орай мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыны таңдау рәсімін тек конкурстық негізде және ашық жүргізу ұсынылды. Сонымен қатар, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары жекешеленген күннің өзінде де мемлекеттің бақылауында қалдырылатын талап енгізілді. Екінші жаңалық арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік тәртібіне, біліктілігіне және әлеуметтік қорғалуына қатысты енгізілді. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңның қолданыстағы редакциясында қызметтік тәртіпті сақтау міндеті басшыларға ғана жүктелген екен. Енді арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік тәртіп үшін жауапкершілікті тек жеке-дара бірінші басшыларға ғана емес, барша бөлімше басшыларына да жүктеу көзделіп отыр. Бұған қоса, барлық басшыларға ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамын патриоттық рухта тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу міндеті тапсырылмақ. Жеке құраммен жүргізілетін бұл жұмыс ұлттық мәдениетке, дәстүрге, мемлекеттік тілді білуге, жауынгерлік рухты нығайтуға, ұжымдағы оңтайлы, адамгершілік моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталатын болады. Үшінші жаңалық діни экстремизмнің алдын алуды заңдық тұрғыдан реттеуді көздейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға лаңкестікке тойтарыс беру, оның салдарымен күресу ғана жүктелген. Оның діни аспектілері мүлдем қарастырылмаған. Айгүл Құспанның айтуынша, аталмыш шараларға қоса діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оған қарсы ақпараттық жұмыс шараларын да естен шығармай, оларды жүйелі түрде жүргізу қажет. Осы себепті лаңкестікке қарсы комиссия шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға – діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттік берілуі тиіс. Ал Лаңкестікке қарсы орталық осы жұмыстарды үйлестіріп, оған бас-көз болуы қажет. Заң жобасын дайындауға барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатыстырылып, олардың ескертулері мен нақты ұсыныстары ескеріліпті.

Талқылау барысында депутаттар жаңа құжаттың дер кезінде дайындалып отырғанын, ондағы қамтылған мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, саладағы өзге де өзекті мәселелерді ортаға салып, құжатта қамтылған кейбір өлшемдердің жүзеге асу мүмкіндіктерін, тиімділіктерін нақтылап сұрады. Мәселен депутат Марат Бәшімов ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде командирлер, кіші және орта буынды әскерилердің бастамашыл, дербестігі жоғары, батыл болуының, қабылданған шешім үшін жауапкершілікті сезіне білуінің маңыздылығын айта келіп, былтырғы қайғылы оқиға барысында ұлттық қауіпсіздік комитетінің көптеген қызметкерлері, соның ішінде басшылық буынның аталған талаптар үдесінен шыға алмай, тіпті кейбірінің қылмыстық әрекеттерге араласқанын ортаға салды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамын осындай қызметкерлерден арылту, кадрлардың сапасы мен жауапкершілігін көтеру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. Тиісті ұйымның берген жауабынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қаңтар оқиғасы бойынша кешенде түрде қызметтік тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда ондағы 11 қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын білдік. Осыған орай бұйрықтық талаптарға және оның қызметке енгізу тәртібіне лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты маңызды өзгертулер енгізіліпті. Ал, қаралып отырған заң жобасында патриоттық тәрбиеге ерекше басымдық беріліп отыр. Онда сонымен қатар әрбір лауазымды тұлғаның яғни, әскери, арнайы және қатардағы қызметкерлер іс-әректінің алгоритмі айқындалыпты. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың сауалына берілген жауаптан мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыларды таңдаудың ашықтығын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шаралар белгілі болды. Қаралып отырған заң жобасында бұл мәселе арнайы баппен айқындалыпты. Өйткені, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бөлу кезінде кәсіпорындардың құқы мен заңды мүдделері бұзылып жатады. Тұрлыханов мырзаның айтуынша, осыған қатысты құзыретті орындарға шағымдар да жиі жасалып жатады екен. Бұған қолданыстағы ережелерге сәйкес тапсырыс беруші, яғни Қорғаныс министрлігі шекарақызметі немесе ұлттық ұланның техникалық тапсырысы отандық кәсіпорындар арасында таратылмауы ықпал еткен сияқты. Қаралып отырған заң жобасында осы олқылық ескеріліп, қорғаныс тапсырыстарын орындауға отандық кәсіпорындарды тарту көзделді. Олар орындай алмайтын тапсырыстар бойынша ғана арнаулы сарапамалық ұйымның қорытындысынан кейін шетелдік орындаушылар іздестіріледі. Екіншіден орындаушылардың ішіндегі ең төменгі баға ұсынушыларға ғана тапсырыстар беріледі. Сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс тапсырыс мерзімі қазіргі уақытта 2,5 жылды алса, енді бір жылға дейін қысқартылады. Өз кезегінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысты қалыптастыру және орындау тәртібі толықтай автоматтандырылмақ. Бірақ бұл құпиялылықты қамтамасыз етуді қажет ететіндіктен біраз уақытты алады. Қазіргі уақытта мүдделі құзырлы орындармен келісу шаралары жүргізіліп жатыр. Депутат Азамат Сатыбалдин шекарадан өту кезінде туындайтын жанжалдар жайына назар аудартып, оларды шекара қызметкерлерінің де, азаматтардың да шекара қыметкерлерінің өкілеттігі жайлы ақпаратының аздығының салдары деген ойын ортаға салған еді. Бұған қатысты да қаралып отырған құжатта нақты талаптар белгіленіпті. Айгүл Сайфоллақызының айтуынша, бүгінгі күнге дейін шекараның әскери қызметшісінің мінез-құлқы стандарты заң жүзінде реттелмепті. Енді осындай ережелер жасалып, оны дербес нормативтік құқытық акт ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы өзінің бұйрығымен бекітетін болады. Бұл стандартта шекарашының мінез-құлқы тәртібі, азаматтар және туристермен қарым-қатынасының өлшемдері жан-жақты қарастырылады. Жиында көтерілген мәселенің бірі ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері арасында тарап кеткен құмар ойындарға құштарлық болды. Депутаттарға осы жайлы хаттар көп келеді екен. Құмар ойындарының ішінде лудоманияға бейімдік ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты арнайы мектеп оқушыларының арасында етек алып тұрғанға ұқсайды. Қызметкерлер арасында да оның құрығына ілінгендер кездесіп қалады. Депутат Руслан Берденовтың айтуынша, бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан оған айрықша назар аударып, жедел түрде тосақауыл қою, алдын алу шаралары жүзеге асуы керек. Соңғысына қатысты тиісті бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қызметке алу, оқуға қабылдану кезінде үмтікерлер мен талапкерлерді тұрақты түрде жалғандық детектрінен өткізу қажет. Құзырлы орын өкілі бұл мәселенің өзектілігімен келісіп, қолдан келгенінше бұл келеңсіздікпен күресетіндіктерін мәлімдеді. Осындай ескертпелермен құжат бірінші оқылымда қабылданып, қайта пысықталуға тиісті комитетке жіберілді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары.

Елімізде әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі

Қазақстанда "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" ұғымдары енгізіліп жатыр.

Болгария президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді.

Құрбан айт мерекесі 2025: демалыс күндері қалай белгіленді?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі - Құрбан айт атап өтіледі.