Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылдың қыркүйек айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сегіз күн демалады. Олардың барлығы сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Мұның басты себебі – қосымша демалыс алуға құқық беретін мемлекеттік мерекелердің болмауы. Сондай-ақ демалыс күндерін ауыстыру немесе мереке қарсаңындағы қысқартылған жұмыс күндері де жоқ.

Қыркүйекте – сегіз күн демалыс

Стандартты бес күндік жұмыс аптасы кезінде қазақстандықтар 22 күн жұмыс істеуі тиіс. Олар төрт сенбі және төрт жексенбі – барлығы сегіз күн демалады.

Алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер үшін күнтізбе басқаша болады. Жалғыз апталық демалыс ретінде тек жексенбі қалады, сондықтан демалысқа төрт күн. Олар 26 күн жұмысқа барады.

Қанша сағат жұмыс істейміз?

Қыркүйек айындағы жұмыс сағаттарының саны жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығына байланысты болады.

  • 40 сағаттық кестеде жұмыс уақытының нормасы 176 сағатты құрайды.
  • 36 сағаттық апта үшін 158,4 сағат қарастырылған.
  • 24 сағаттық апта үшін 105,6 сағатты құрайды.

Қазақстанның Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

Қыркүйекте мерекелер болмайды

Осылайша, қыркүйек айында қазақстандықтардың қосымша демалатын күндері жоқ. Бес күндік жұмыс кестесінде тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалуға тура келеді.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.