2025 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология мен саяси реформаларға дейінгі әртүрлі салада маңызды реформалар ұсынылды. Жолдауда ең алдымен ел ішіндегі бірлік, қоғамдағы мәдени үйлесім, адамгершілік құндылықтарды сақтау және қоғамның жаңаша ойлау мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен айтылды. Президенттің «Жаңару жауапкершіліктен басталады» деген тұжырымы-барлық саланың, әрбір азаматтың өзгеріске дайын болуын талап ететін ой.Жолдау жаңа қоғамның үш негізгі қағидасын айқындады:ашықтық, әділдік және жауапкершілік.Бұл қағидалар білім беру саласынан бастап, қоғамдық жұмыстарға, мемлекеттік қызметке, тіпті жеке өмір мәдениетіне дейін әсер ететін құндылықтар.
Жолдаудың маңызды бөлігінің бірі-адами капиталды дамыту. Білім беру жүйесі қазір әлемдік өзгерістермен қатар жүрмесе, елдің бәсекеге қабілетті болуы мүмкін емес. Президент жастрға сапалы білім беру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу, оқу орындарының жаңа форматқа көшу қажеттілігін ерекше атап өтті.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті секілді алдыңғы қатарлы университеттер үшін бұл-алдағы жылдарға арналған нақты бағдар. Университеттің негізгі миссиясы-білімді ғана емес, жауапты, жан-жақты дамыған, ой еркіндігі жоғары тұлға қалыптастыру. Сол себепті Жолдауда көтерілген бастамалар біздің оқу жүйесіне толық сәйкес келеді.
Президент жастар мәселесін Жолдаудың өзегіне айналдырды. Қазіргі буын-өзгерістің басты қозғаушы күші. Жастардың өмір сапасын жақсарту, оларға жаңа мүмкіндіктер беру, шығармашылығына еркіндік беру-қоғамның дамуына инвестиция.Университет жастары жыл сайын әлеуметтік жобаларға, волонтерлік бастамаларға, ғылыми конференцияларға, мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Бұл-университеттің ғана емес, жаңа Қазақстанның идеологиясына сай келетін үлкен мектеп.
Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды құруда ұлттық мәдениетті, тілдік ортаны, рухани құндылықтарды сақтаумен қатар, заманауи дүниетанымды дамытудың маңызын айтты. Жолдауда заманауи технологияларға бейімделу, цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллектті (ЖИ) білім беру процесіне енгізу ерекше аталды. Жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу-сапалы кадр даярлаудың басты тетігі ретінде атап өтілді. ЖИ технологиялары оқыту үдерісін дараландыруға, студенттердің қабілеттерін дәл бағалауға және академиялық бағдарламаларды заманауи еңбек нарығына бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт қара шаңырақ студенттері үшін орасан зор мүмкіндік ашады.2025 жылғы жолдау – жаңа Қазақстанның идеологиялық платформасы ғана емес, білім беру саласының, ғылымның және жастар саясатының дамуына бағытталған өте маңызды қадам. Бұл құжат қоғамды жаңғыртудағы басты құндылықтарды нақты көрсетті:адам дамуы, мәдени өсу, білім сапасы, технологияға бейімделу және ұлттық бірлік.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылар құрамы жолдаудағы басымдықтарды қолдай отыра, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу,білім сапасын арттыру және құқық қорғау саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы міндеттерді жүзеге асыруда аянбай қызмет етуде.
Тлепбергенов О.Н.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы
Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры,з.ғ.к


