Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті 

Әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік ақынның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады.

Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті, — делінген министрліктің көңіл айтуында.

Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.