Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен азаматтарды әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру және мемлекеттің жұмылдыру әлеуетін нығайту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Отырысқа Әділет, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Көлік, Цифрлық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерін қоса алғанда, бірқатар негізгі мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі ведомстволар қатысты.

Кеңес барысында азаматтардың Отанды қорғау жөніндегі конституциялық міндетін орындауын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені атап өтілді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Үкіметінің тұрақты бақылауында.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды хабардар ету жүйесінің тиімділігін арттыруға, шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етуге және әскери міндетті орындау тәртібін күшейтуге бағытталған Біріңғай шақырту тізілімін енгізу мәселесін пысықтауда.

Біріңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың конституциялық міндетін орындауын жүйелі түрде қолдайтын заманауи цифрлық тетікті қалыптастырамыз, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Сонымен қатар бастама аясында әскерге шақырудан жүйелі түрде жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Аталған шаралар уақытша сипатта болып, тек қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асатын болады.

Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл деректермен жедел алмасуды қамтамасыз етуге және қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу – жүйенің тиімділігін арттырудың негізгі шарты. Біз оның ашықтығын, сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіспіз, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметшілердің ай сайынғы қаржылай қажеттілік үлесін арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтауды ұсынды.

Кеңесті қорытындылай келе, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов аталған бастамаларды іске асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді және жүйелі іс-қимылын талап ететінін атап өтті.

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.