Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.

«Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды», — деді Тоқаев.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
  • Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.