Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды 

Қазақстанда қан донорларын марапаттауға арналған «Құрметті донор» ведомстволық төсбелгісі алғаш рет ресми түрде бекітілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алғашқы болып бұл марапатқа бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор ие болады.

Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес, «Құрметті донор» ведомстволық төсбелгісі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қан мен оның компоненттерін өтеусіз тапсырғаны үшін беріледі.

Марапатқа үміткерлер мына талаптардың біріне сай болуы тиіс:

  • қанды және (немесе) тромбоциттерді кемінде 40 рет тапсыру;
  • қан плазмасын кемінде 70 рет тапсыру.

Министрліктің мәліметінше, төсбелгіні Қазақстан теңге сарайы дайындайды. Оның әрбір элементі терең мағынаға ие және Республикалық геральдика комиссиясының келісімімен бекітілген.

Қазақстанда қан донорларын марапаттауға арналған "Құрметті донор" ведомстволық төсбелгісі алғаш рет ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 09:53
ҚР ДСМ

Бекітілген дизайнға сәйкес, төсбелгінің негізгі белгісі – қошқыл қызыл эмальмен көмкерілген қан тамшысы. Оның ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының ырғағы орналасқан. Композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам қан және оның компоненттерін тапсыру рәсімі өткізіледі.

Сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, медициналық тексеруден өтетін және қан мен оның компоненттерін тапсыратын донорлар жұмыс беруші тарапынан орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.

Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді 

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда.

Медтексеруден өтпесе, көлік жүргізу құқығы тоқтатылады: Жаңа тәртіп кімдерге қатысты? 

«Медициналық тексерусіз көлік жүргізуге болмайды»: 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан жүргізушілерді не күтіп тұр?

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ болмауға кеңес береді.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.