Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Үкімет Президенттің ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу жөніндегі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.

Негізгі межелер:

  • 2029 жылға қарай түлектердің кемінде 80%-ы жасанды интеллектінің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс;
  • 2028 жылға қарай ЖОО мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процесіне ЖИ технологияларын енгізеді;
  • мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқарады;
  • жылу-энергетика кешеніндегі активтердің кемінде 70%-ы цифрлық мониторингке қосылады;
  • техникалық күрделі жаңа құрылыс нысандарының 100%-ы бірыңғай цифрлық контурда сүйемелденеді;
  • Smart Cargo аясында басым жүк тасымалдары цифрлық паспортпен және маршрут бойындағы трекингпен қамтылады;
  • 2028 жылға қарай банктердің кемінде 80%-ы ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосылады;
  • «Бәйтерек» холдингінде 2029 жылға қарай инвестициялық жобалардың 100%-ын AI-мониторингпен қамту жоспарланған;
  • IT-қызметтер мен цифрлық шешімдер экспорты кемінде 50%-ға ұлғайтылмақ.

Көлік-логистика саласында цифрландыру жүктердің өткізу пункттерінен бастап негізгі дәліздер мен мультимодальды тораптарға дейінгі бүкіл қозғалысын қамтиды. Интеллектуалды аналитика инфрақұрылымдағы жүктемені бағалап, көлік ағындарын басқаруға және «тар жолдарды» жедел анықтауға пайдаланылмақ.

Денсаулық сақтау саласында бірыңғай цифрлық контурды кеңейту, медициналық self-service сервистерін дамыту және клиникалық шешімдер қабылдауда ЖИ қолдану көзделген. Өңірлерде AI Native cities&regions шешімдері енгізіліп, қауіпсіздік, қалалық басқару және көлік қозғалысын реттеу цифрландырылады.

ШОБ үшін цифрлық комплаенс пен тәуекелге бағдарланған бақылау енгізіліп, тәуекелі төмен кәсіпкерлерді физикалық тексеру санын қысқарту жоспарланған. Салық саласында процестердің едәуір бөлігін адамның қосымша қатысуынсыз жүзеге асыратын интеллектуалды әкімшілендіру моделіне көшу көзделіп отыр.

Сонымен қатар цифрлық трансформация киберқауіпсіздықты күшейтумен қатар жүреді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттырып, азаматтарға дербес деректерінің пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін сервистерді кеңейту жоспарланған.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.