Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған ел атанды 

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 халықаралық рейтингінде Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастап, әлемнің 161 елі ішінде 66-орынға ие болды.

Prosperity Institute әзірлейтін бұл рейтинг 130-дан астам көрсеткішке негізделіп, елдердің даму деңгейін, еркіндік көрсеткіштерін және қоғамдық ахуалын бағалайды.

Биыл рейтингтің әдістемесі жаңартылып, енді мемлекеттердің барлық бағыттағы нәтижелері кешенді түрде ескерілетін болды. Яғни, бір ғана саладағы жоғары көрсеткіш рейтингте алдыңғы орынға шығуға жеткіліксіз.

Қазақстан негізгі бағыттар бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

— «Даму» бағыты – 52-орын;

— «Қоғам» бағыты – 45-орын;

— «Қоғамның тұтастығы» көрсеткіші – 47-орын.

Білім беру саласында Қазақстан әлем бойынша 32-орынға көтерілді. Сонымен қатар «Отбасының тұтастығы» көрсеткіші бойынша 30-орынды иеленсе, өмір сүру деңгейі рейтингінде 53-орыннан көрінді.

Өңірлік көрсеткіштерге сәйкес, Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Одан кейін Қырғызстан – 87, Өзбекстан – 94, Тәжікстан – 129 және Түрікменстан – 150-орынға жайғасқан. Ресей бұл тізімде 103-орында орналасқан.

Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Алғашқы бестікке сондай-ақ Норвегия, Ирландия, Дания және Финляндия кірді. Сарапшылардың мәліметінше, Швейцария барлық негізгі бағыт бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болған.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Полиция жолдағы тәртіпті дрондар, мобильді кешендер және орташа жылдамдықты анықтау жүйелері арқылы бақылайды.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...