Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстан өз тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр.
Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

Алғашқы сағаттардың өзі жексенбінің таңына тән мамыражай тыныштықтың бұл жолы сайлау учаскелерінде байқалмағанын аңғартты. Есіктер ашыла салысымен сайлаушылар сайлау комиссияларының үстелдеріне қарай ағылып, кейбір учаскелерде бірден кезек қалыптасты. Таңнан-ақ бүгінгі күннің айрықша тынысы сезіледі. Дауыс беруге жұрт жеке-жеке де, отбасымен де, тұтас еңбе кұжымдарымен де келіп жатыр. Қазақстан үшін бұл жексенбі дауыс беру фактісінің өзімен-ақ тарихи күнге айналды: ел азаматтары алғаш рет жаңа өкілді орган –тұңғыш Құрылтайдың құрамын жасақтауда.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.