Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы бес айында электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ-қа жетсе, тұтыну деңгейі 53,3 млрд кВт/сағ болды. Осылайша елде шамамен 300 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясының профициті қалыптасты. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын, генерациялайтын қуаттардың сенімділігін және ішкі сұраныстың толық қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді.

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен 2,6 ГВт жаңа қуат іске қосылады.

Жоспарға сәйкес, төрт газ электр станциясы пайдалануға беріліп, екі электр станциясының қуаты кеңейтіледі. Бұдан бөлек, 10 жаңа жаңартылатын энергия нысаны іске қосылады. Оның ішінде төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір су электр станциясы бар.

Энергетика саласындағы бұл жобалар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі электр энергиясы тапшылығын толық жоюға мүмкіндік береді. Ал 2029 жылға қарай Қазақстан тұрақты электр энергиясы профицитіне шығуды көздеп отыр.

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты  

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.

Жасанды интеллект 2029 жылға дейін 2,5 мың ауыл мектебіне енгізіледі 

Қазақстанда білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет ауыл мектептеріне жасанды интеллект технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.

Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар

Сотта берілген жалған айғақ басқа адамның беделінен, ақшасынан, бизнесінен,...

Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылады? Отбасы банк тексеруді бастайды 

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тексеру жұмыстары басталады.

Непалдағы апат: Қазақстан құтқарушыларын жіберуге дайын ба? 

Непалдағы жойқын апаттан кейін іздестіріліп жатқандар арасында үш қазақстандық бар. Оларды іздеуге еліміздің құтқарушылары қатыса ала ма?