12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-білім мен ғылымның алтын бесігі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағының жетекші ғылыми-білім беру орталығы. Қай кезде де қара шаңырақтың  аты-сапалы білімнің, кәсіби биіктікке бастайтын жолдың, академиялық мәдениеттің символы. Университет қабырғасында білім беру дәстүрі мен заманауи инновациялар үйлесім тауып, студентке де, оқытушыға да дамудың кең мүмкіндіктерін ұсынады.Университеттің басты миссиясы-ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгеймен ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. ҚазҰУ-да білім алған студент тек теорияны меңгеріп қана қоймай, практикалық дағдыларды терең игереді, ғылыми зерттеулерге ерте араласады, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысады.Білім ордасындағы оқу үдерісіндегі халықаралық стандарттар, академиялық еркіндік және сапаның тұрақты өсімін білдіретін айқын дәлел.Қара шаңырақта оқытушы болу – үлкен жауапкершілік әрі абырой. Мұнда әр оқытушының кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Университет халықаралық тағылымдамалар, ғылыми жобалар, құзыреттілік арттыру бағдарламаларын қолдап, оқытушының өз саласындағы әлемдік трендтермен бірге дамуына мүмкіндік береді.

   Оқу ордамызда білім алатын жастар-белсенді, ынталы, жаңа идеяға құмар буын. Университет олардың бастамаларын қолдайды, стартаптар ашуға, ғылыми жобаларға қатысуға, қоғамдық және волонтерлік қызметте шыңдалуға жағдай жасайды. Кампустың қауіпсіз экожүйесі, спорттық және мәдени орталықтары, түрлі студенттік ұйымдар-заманауи жастардың кез келген кәсіби және тұлғалық қажеттілігін өтейді.Оқу ордасы халықаралық байланыстарға үлкен көңіл бөледі және студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынады. Университеттің әлемнің көптеген елдеріндегі оқу орындарымен серіктестігі бар, соның арқасында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысып, шетелде білімін жалғастыра алады. Халықаралық алмасу бағдарламалары студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, әлемдік деңгейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

     ҚазҰУ- тарихы терең, болашағы айқын, мыңдаған түлек жолын тапқан қасиетті қарашаңырақ. Оқытушы ретінде мен үшін бұл университет-ұрпақ тәрбиелеудің, білім берудің, ғылым дамытудың ең сенімді алаңы. Университет түлектері-еліміздің экономикасы, ғылымы, саясаты және мәдениетіне айтарлықтай үлес қосып жүрген мамандар. Олардың көпшілігі елде және шетелде маңызды қызметтер атқаруда. Университет қабырғасынан шыққан әрбір түлек оқу ордамыздың білім беру жүйесінің сапасының көрсеткіші.Профессорлық-оқытушылар құрамы да ел болашағы болар жас мамандарды әрқашан қолдауға дайын.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі

Турсынкулова Д.А

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...