Қауіпсіз жаз: полиция жазғы лагерьде қауіпсіздік сабағын өткізуде

Түркістан облысының полицейлері мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жүрген оқушылармен кездесіп, «Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Кездесу барысында балаларға жеке қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ оқушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін «102» арнасына хабарласу тәртібі және суда жүзу ережелері түсіндіріледі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап облыс көлемінде 24 жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері лагерлерге қатынайтын автобустарға ілесіп жүруді ұйымдастыруда.
Әрбір лагерьге учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары бекітіліп, олардың байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық парақшалар орналастырылған. Балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы

2026 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот...

Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық...

Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің...