Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толғанына назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, Ұйым ең басты құндылығы – өзара сенімге, тең құқық пен диалогқа, мәдени әралуандықты құрметтеуге және бірлескен дамуға ұмтылатын «Шанхай рухын» сақтап қалды.

Қазақстан Президенті бұл қағидаттарды халықаралық ынтымақтастықтың өзіндік «стандарты» ретінде бағалайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толатынына тоқталды.

Оның айтуынша, саяси және экономикалық байланыстармен қатар, екі ел азаматтары арасындағы тікелей қарым-қатынастар да белсенді дамып келеді. 2026 жылы Қазақстан мен Қытайдың «Мәдениет жылын» өткізуі осы үрдістің жарқын дәлелі болды.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қытайда ондаған мың қазақстандық студент білім алып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан университеттерін таңдайтын Қытай азаматтарының саны да артып келеді.

Қазақстанда Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары, «Лу Бань шеберханалары» табысты жұмыс істеп жатыр. Академиялық ұтқырлық, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары да кеңейе түсуде.

Өзара визасыз режимнің енгізілуі туризм саласының дамуына айтарлықтай серпін берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2025 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 962 мың адамға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47 пайызға көп.

Қытайлық достарымызға Қазақстанда етене танысатын дүние жеткілікті. Заманауи елордамыз бен көне Түркістанды, Алматының асқарлары мен Маңғыстаудың бірегей бедерін, Ұлы дала мен Ұлы Жібек жолының мұрасын, музыкамызды, ұлттық дәм мен аспаптарымызды, қонақжай қалпымызды көрсеткіміз келеді. Сонымен қатар Қазақстан да ежелгі өркениет елі әрі бүгінде даму жолында таңғаларлық үлгі көрсетіп отырған Қытайды зор қызығушылықпен танып-біліп келеді, – деп сөзін түйіндеді Президент.

Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Жалған айғақ үшін қандай жаза бар?

Сотта берілген жалған айғақ басқа адамның беделінен, ақшасынан, бизнесінен, кейде тіпті бостандығынан айырылуына әкелуі мүмкін.

Шаг к свободе

ЗА ЦИФРАМИ АМНИСТИИ – РЕАЛЬНЫЕ СУДЬБЫ. ДЛЯ ОДНИХ ОСУЖДЕННЫХ...

Павлодарда жылыту маусымы басталды 

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.

Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 

Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады.