12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» есе жіберді

Алматының орталық стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында «Қайрат» футол клубы мадридтік «Реалды» қабылдады. Отандастарымыз «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен ұтылды.

Ойынның алғашқы минуттарында «Қайрат» бірнеше рет қарсыластар қақпасына шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Кездесудің алғашқы есебін «Реалдық» Килиан Мбаппе ашып, алматылық клубтың қақпасына гол соқты. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Ал екінші таймда «Реал» ойыншылары «Қайрат» қақпасын тағы да төрт рет дәл көздеді.

Ойынның екінші жартысында Мбаппе қатарынан екі гол соқты да, алаңнан алыстады. Төртінші голдың авторы — Камавинга. Ал Браим «Қайрат» қақпасына бесінші голды салды.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана және түнде Қостанай қалаларында ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Газадағы қақтығысқа байланысты келісімді қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. 

Қазақстанда зейнетке шығу жасы қашан өзгереді?

2025 жылы Қазақстанда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады. Әзірге ерлер мен әйелдер үшін жаңа ережелер қарастырылмаған.

Елімізде электрмобильді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов электрмобильді бажсыз әкелу мерзімін ұзартуды ұсынды.

Қазақстанда баспасөз қызметтерінің жұмыс тиімділігін қалай арттырмақ?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында баспасөз қызметтері проактивті жұмыс істеп, қоғаммен сенімді байланыс орнатып, қоғамдық сұраныстарға дер кезінде жауап беруі керектігін атап өтті.