ҚазҰУ- байтақ елдің бағаналы білім ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – студенттерінің кемел келешегінің кепілі. Абай атамыздың қара сөзінде: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» — делінген. Аталған ой түйіні бүгінгі күннің өзегі болып табылады. Ақыл, ғылымды дамытуда университетте еліміздегі мықты зерттеу мәдениетінің іргетасы қалыптасты деуге болады. Елімізде ғылым саласында айшықты орынға ие ғалымдар мен зерттеушілердің көпшілігі универститет түлегі болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кемел келешек кепілі болуының тағы бір себебі – оның ғылыми-зерттеу мен инновацияға қатты көңіл бөлуінде. Университетте әртүрлі салалардағы білімді жетілдіруге арналған бірнеше ғылыми орталықтар құрылды. Бұл орталықтарда алдыңғы қатарда жүрген жетекші ғалымдар мен зерттеушілер қызмет етеді. Олар өз жұмыстары арқылы бүгінгі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге көмектесуде. Университет оқытушылары мен студенттерін қоғамға маңызды әсер ете алатын ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға шақырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен аспиранттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Оның түлектері болашақ мансабында табысқа жетуге жақсы дайындалған және олардың зерттеулері әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуге көмектесуде. Соңғы үлгідегі базалары және мансаптық мүмкіндіктерімен ҚазҰУ студенттердің академиялық және кәсіби мақсаттарына жету үшін тамаша, әрі таптырмас орын болып отыр. Құзыретті әрі білікті түлектер желісі және инновациялар мен кәсіпкерлікке үнемі назар аудара отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдағы уақытта да жоғары білім беру саласындағы көшбасшы болып қала беретініне сеніміміз мол. Ғасырға жуық тарихы бар унивеситет мемлекетіміздің асыл қазынасы- білімге құмар адам баласына сапалы білімі мен ғылымға баулитын орнын іргелендіріп, әрі қарай дамыта беретіні күмәнсіз.

Авторлары: з.ғ.к., доцент – Бисенова М.Қ.

Заң факультетінің 1 курс магистранты Темирхан Аружан

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...