spot_img
spot_img

СУ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Онда, қатысушылар су қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Отырыс барысында сарапшылар су резервтерін басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстарын жасап, пікірлерін де білдірді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты.

Отырысты ашқан Сенат төрағасы су тапшылығы және оның сарқылуы алдағы кезеңдегі жаһандық сын-қатерлердің бірі болатынын атап өтті. «Сумен қамтамасыз ету мәселесі Орталық Азия, оның ішінде біздің еліміз үшін өте өзекті. Қазақстанның бірқатар өңірінде су тапшылығы айтарлықтай сезіледі. Сондай-ақ, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кешеннің дамуы да көбіне елдің сумен қамтамасыз етілуімен байланысты», – деді. Сонымен қатар, палата спикері іргелес мемлекеттермен су бөлудің және трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдаланудың маңызына назар аударды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу үшін Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырды. Қазіргі қолданыстағы Су кодексі 2003 жылы қабылданған. Содан бері оған 70-тен астам өзгеріс енгізілді. Бұл құжатта су, ең алдымен, өндіріс факторы ретінде қарастырылады. Ал суды үнемдеу мен үнемді пайдалануға ынталандыру мәселелері ескерілмеген. Сондықтан қазір Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен депутаттардың алдында жаңа Су кодексін әзірлеу міндеті тұр. Ол құжатта су саясатына қатысты жаңа, заманауи тәсілдер ұсынылуға тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат төрағасы азаматтардың, шаруалардың және кәсіпорындардың суды тиімді тұтынуын ынталандыратын жүйелі нормалар қажет екенін де тілге тиек етті. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық салада суды пайдалану мен тазалаудың тұйық циклін қалыптастыру осы бағыттағы маңызды міндеттердің бірі болуы керектігі айтылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова отырысқа қатысушыларға су саласындағы мәселелерге байланысты айтқан кешенді көзқарастары және бүгінгі жағдайды жан-жақты талдағаны үшін алғысын білдірді. Одан бөлек, министр жаңа идеяларды әзірлеуде мемлекеттік сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті және алдағы уақытта өзекті мәселелер бойынша жүйелі ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін білдірді. Іс-шараға қатысқан Жас сарапшылар клубының мүшелері де тұжырымдаманың орнықты дамуы мен практикада қолданылуына, әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен экожүйелерді сақтауға, климаттық тәуекелдерді реттеудің халықаралық тәжірибесіне және су қауіпсіздігінің басқа да өзекті мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті...

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

На грани долгового плена

КРЕДИТНЫЙ ПОРТФЕЛЬ КАЗАХСТАНЦЕВ НА НАЧАЛО 2025 ГОДА ДОСТИГ АСТРОНОМИЧЕСКОЙ ЦИФРЫ В 24,1 ТРЛН ТЕНГЕ, ЧТО НА 22,9 ПРОЦЕНТА БОЛЬШЕ, ЧЕМ ГОДОМ РАНЕЕ. ЭТО ТРЕВОЖНЫЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ, КОТОРОЕ ВСЕ ЧАЩЕ ОКАЗЫВАЕТСЯ В ДОЛГОВОЙ ЯМЕ. ВМЕСТО ТОГО ЧТОБЫ ИЗБАВИТЬ НАРОД ОТ ДОЛГОВОГО БРЕМЕНИ, КРЕДИТЫ ПРОДОЛЖАЮТ НАВЯЗЫВАТЬСЯ НА КАЖДОМ ШАГУ.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "GPT чатын пайдалануға тыйым салынды" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін.