spot_img
spot_img

СЕНІМХАТТАРДЫ ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ ОНЛАЙН РЕСІМДЕУ ҚОЛЖЕТІМДІ

Бәрімізге белгілі,  бүгінге дейін «қолхат», «сенімхат» секілді құжаттарды ресімдеу үшін нотариусқа барып, құжатқа қол қоюымыз қажет болатын. Бірақ қазіргі таңда цифрлы технологияның қарқынды дамуының арқасында сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ресімдеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз.   

Қызметтің бұл түрі eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Жуырда Қазақстанда сенімхаттарды онлайн ресімдейтін «Цифрлық нотариат» жобасы  іске қосылды. Бұл — Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен пилоттық жобасы. «Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттың тек үш түрі рәсімделген еді. Алайда, жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың өмірлік жағдайларына қарай сенімхаттар тізбесін кеңейту қажет болды. Осыған байланысты, мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, сенімхаттардың барлық түрлерін осы тізбеге енгізу туралы шешім қабылданды», – деді вице-министр Бекболат Молдабеков.Аталмыш жоба азаматтарға сенімхаттың Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, мекемелерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында мүдделерін білдіруге; мұрагерлік істі жүргізуге; Қазақстан Республикасының соттарында  істерді жүргізуге онлайн режимінде ресімдеуге мүмкіндік береді.

Халықтың арасында нотариаттық куәландырылған сенімхаттарды алу қызметі кең танымалдылыққа ие. «Дүние жүзінде сенімхаттың онлайн нотариалды куәландыруы Франция мен Литва елінде ғана бар. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында осы мемлекеттердің қатарына қосылып отырмыз. Кез келген азамат шетелде, ауруханада немесе жолда болса әрі нотариусқа баруға мүмкіндігі болмаса, нотариуспен онлайн байланысып, нотариалдық  сенімхаттарды куәландыра алады. Бұл пилоттық жоба болғаннан кейін кейбір құжат түрлері ғана қолжетімді болады. Әзірге үш-төртеуі ғана. Мысалы, сотта мүдделерді білдіру және т.б.», — деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

«Жалпы мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы алдында электрондық үкімет базасында азаматтар мен бизнестің өзара іс-қимылын жеңілдету мақсатында цифрлық сервистерді дамыту бізге жүктелген болатын. Осындай тапсырманы орындау барысында жаңа цифрлық сервисті электрондық үкіметке шығарудамыз. Цифрлық нотариат деген — онлайн түрде сенімхаттарды рәсімдеу», — деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Цифрлық сенімхатты төмендегідей:

— eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту;

— өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;

— онлайн қызмет түрін алушы өзінің жеке басын растау үшін мобильді қосымшада нотариусқа бейнеқоңырау шалу;

— белгіленген тариф бойынша нотариус қызметіне ақы төлеу сияқты қадамдарды орындау арқылы ресімдеуге болады. Ал «Сандық құжаттар» бөліміне өту арқылы алынатын сенімхаттың бұл түрі оның қағаз нұсқасында қолдануға жарамды. 

Құжаттардың сандық жүйеге көшуі мемлекет басшысының жолдауында айтылғандай, үшінші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеуді жандандыра түспек.

Болат УСИПБЕКОВ,

Шымкент қаласы Әділет департаменті

басшысының орынбасары

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың негізі

             Қазіргі қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығы – елдің...

Полиция болу – абыройлы қызмет, мәртебе мен міндет!

Астана қаласының ПД жол-патурульдік полициясы полк командирінің орынбасары Айбек...

«Каспий» биржасы Қазақстанды EUROPEX Бас Ассамблеясында таныстырды

18-20 маусым аралығында «Каспий» тауар биржасы» АҚ делегациясы Норвегия...