Сала ардагерлерімен кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінің жеке құрамы ҚАЖ саласының ардагерлері Шәдібек Ақпанбетов және Мұхтар Садықовпен кездесті.
Кездесу барысында жеке құрам мен сала зейнеткерлері арасында қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды нығайту қызметін ұйымдастыруды жақсарту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиында ұзақ жылдар бойы ҚАЖ саласында қызмет атқарған ардагерлер қызметтің қыр-сырымен, тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолындағы қызықты оқиғалармен, өткен қиындықтарды атап айтты.

Олар жас қызметкерлерді өз елінің патриоты болуға, қызметті адал атқарып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Қазіргі таңда ішкі істер органдарының ардагерлерін полиция қызметіне араласуға,кеңес,бағыт -бағдар алу,жас қызметкерлерді қолдау жұмыстарына аса көңіл бөлінуде.Саналы ғұмырын осы салаға арнаған әрбір ардагердің жас буынға берер тәлімі мол.Алдағы уақытты ардагерлермен кездесу жұмыстарын жиі өткізетін боламыз», — деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қанат Дайрабаев.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...