Пробациялық бақылаудан жасырынған

5-ай көлемінде, Абай облысы Ақсуат ауданының тұрғыны сотталған (есімі жасырын) тұлға 2019 жылы ҚР ҚК-ң 106-бабының 3-бөлігі негізінде, кінілі деп танылып 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасының белгілі бір бөлігін орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде өтеп, 2022 жылдың екінші жарты жылдығында бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығына шектеу жаза түріне ауыстырылып пробациялық бақылау белгіленген. Аталған сотталған бұған дейін тұрғылықты тұрған жерлері бойынша әр түрлі пробация қызметінің бақылауында болып, Абай облысы Ақсуат аудандық пробация қызметі есебіне 2023 жылы алынған. Аталған сотталушы еркіндіктің қадірін білмей тұрғылықты тұрып жатқан жерін тастап кетіп, соттың қаулысында көрсетілген міндеттерін орындамай пробациялық бақылаудан жалтарынып жаза өтеу тәртібін өрескел бұзған. Сол себепті оған сот қаулысымен іздеу жарияланып, іздестіру жұмыстары арқасында сотталғанның тұрғылықты тұрып жатқан жері анықталып қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Және Ақсуат аудандық пробация қызметі сотталғанға қатысты ҚР ҚК-ң 44-бабының 3-бөлігі негізінде, сотқа сотталушының бас бостандығана тағайындалған шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстыру бойынша іс-құжаттары жолданып (есімі жасырын) сот процесі онлайн түрінде өткізіліп, сотталған тұлға 4 жылдай мерзімге заңды күшіне енген сот қаулысымен қайтадан бостандықтың қадірін білмей түзеу мекемесіне жолданғанын хабарлайды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД

Ақсуат аудандық ПҚ-ң

инспекторы

әділет капитаны А.Ш.Шәбен

Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі

Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністіктің негізі – ортақ құндылықтар...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдерінде өзекті...

ҚазҰУ түлектері — ел дамуының сенімді тірегі

Қазіргі қоғамда жоғары білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы...

Тіл болашақ кепілі

“Болашақ - білімді жастар қолында» деген сөз жастайымыздан біздің...

ҚазҰУ-да тұрақты даму қағидаттарының жүзеге асуы

Қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық алдында тұрған басты міндеттердің бірі...