12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүлікті бөлгенде нені білген жөн?

Қазақстанда ажырасуға арыз беретіндер көп. Неке бұзуға өтініш бергендердің бір бөлігі татуласып, отбасын сақтап қалғанымен, көпшілігі екі жаққа кетіп жатады. Ажырасуға бел буғандарды ортақ баланың бары да, ортақ мүлікті бөлудің қиындығы да тоқтата алмайды.

Үйленіп, отбасын құрған кезде азаматтар неке шартын жасау, мүлікті бөлу туралы ойлана бермейді. Көпшілігі мұндай мәселемен ажырасу кезінде бетпе-бет келіп, бармағын тістеп жатады. Әсіресе, азаматтық некеде тұрғандарға, ерлі-зайыптылық өмірде бірігіп алынған жылжитын, жылжымайтын мүлікті туыстарының атына рәсімдегенде қиналып жатады. Өйткені, өзгенің атына рәсімделген мүліктің өзіңе қатысты екенін, оған қаржы шығарғаныңды дәлелдеу оңай емес.

Шаңырақ көтеріп, баянды өмір кешуді ойлаған ерлі-зайыптылардың жаман ойға берілмейтіні рас. Бірақ, ажырасар кезде әркім өзіне тиесіліге иелік етуге барынша күш салады. Мүлікті бөлудің тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сай реттеледі.  Кодекстің 33-бабында көрсетілгендей ерлі-зайыптылардың некеде жинаған мүлкі ортақ болып табылады. Ажырасқан жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке мүлікке ие бола алады.

Ортақ мүлікті бөлуге қатысты даулар сот тәртібімен қаралып, өтініш жауапкердің тұрғылықты жеріндегі сотқа жолданады. Мүлікті бөлуге қатысты арызды ажырасқаннан кейін немесе ажырасу тіркелгеннен кейін беруге болады.  Дегенмен, егер мүлікке қатысты талап болатын болса, кешіктірмей сотқа арызданған абзал. Өйткені, ортақ мүлікті бөлу бойынша талап ету мерзімі шектеулі. Яғни, некесі бұзылған ерлі-зайыптылар 3 жыл ішінде талап қоюы тиіс.  Үш жылдан кейін мүлікті бөлуге қатысты берілген талап қаралмайды.

«Неке (ерлы-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 38-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуде және осы мүліктегі үлестерді анықтауда ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең саналады. Егер олардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, келісіммен жүзеге асырылады. Алайда, жұптардың көбі мүлікке қатысты ортақ келісімге келе бермейді. Мұның соңы сот дауына ұласады.

Талап қоюшылар заңнамадағы мына мәселелерге де көңіл бөлгендері жөн. Айталық, жылжымайтын мүлік некеге отырғанға дейін сатып алынса, сыйға алынса немесе мұраға қалса, ол сол адамның жеке меншігі болып табылады. Мұндай мүлік бөлуге жатпайды. Тек осы мүлікті жөндеуге, қайта салуға, өзгертуге қаржы салған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар талап келтіре алады. Яғни, ортақ мүлікке ерлі-зайыптылардың салған қаражатының үлесі және олардың жылжымайтын мүліктің соңғы құнына ықпалы сот барысында ескерілетін болады. Егер құнына байланысты күмән туныдаған жағдайда мүлікті жөндеп, өзгертуге кеткен шығынның көлемін анықтау үшін тәуелсіз бағалаушылар көмегіне жүгінуге болады.

Егер жылжымайтын мүлік некеде сатып алынса, бірақ, ерлі-зайыптылардың бірінің жеке ақшасына ғана сатып алынса, онда ол ерлі-зайыптылардың бірінің ғана құралы болып саналады. Бұдан бөлек, некеге отырғанға дейінгі уақытта сатып алынған жеке мүлікті сатудан алынған ақша да  есептелуі мүмкін. Аталмыш жағдайда сатып алынған жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптының жеке мүлкі болып табылады. Ол ажырасу кезінде бөлуге жатпайды.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірінің жеке қаражатына ортақ ақшаны қосып, пәтер сатып алынса, онда ерлі-зайыптылардың екеуі де оны бөлу кезінде өз үлестерін алуға құқылы. Алайда әрқайсысының үлестері ескеріледі. Өзінің қанша қаржы шығарғанын дәлелдеу үшін тараптар чек, құжат, анықтамалар ұсынуы тиіс.

 Ортақ мүлікті бөлу оңай шаруа емес. Мұндай даудың алдын алу қашан да маңызды. Ол үшін ерлі-зайыптылар некеге тұрмас бұрын неке келісімшартын жасағандары дұрыс. Бұл құқығыңды қорғауға көмектеседі.

Толқын Далабаева,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Исполнение приговора суда

Исполнение приговора суда является завершающей стадией уголовного судопроизводства, обеспечивающей...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Қылмыстық іс жүргізудегі сарапшының процессуалдық жағдайы

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте...