Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бектілді.
Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғартуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруңа және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Бұл тәуелсіз еліміздің белгілі бір тілдік ортасын қалыптастырып, мемлекеттік тілдің тұғырын бекітуге жетерлік уақыт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқына арналған жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келеді деп есептеймін. Мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тілін дамытуыға қатысты өз ойымен бөлісті.
Мұны тек жекелеген азаматтар тобына емес ұлтына қарамай тұтас Қазақстан халқына бағытталған сөз деп қабылдаған жөн.
Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін, оның құзыретін іс жүзінде нығайту мәселесі, әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл шындығында бәрімізге артылған жауапкершілік жүгі, барша қазақстандықтардыі өртақ ісі. Отбасындағы тәрбиеден бастап, ел басындағы азаматтарға дейін өз ісінде осыны естен шығармауы тиіс.
Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы және жоғарғы билік органдары. Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет іс-қағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру тиіс еді. Ата Заң-Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттін бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару сот ісін жүргізу және іс қағаздардын жүргізу тілі»,- Мемлекеттік тілдің арқылы халықтың сотқа деген сенімі сот билігінің беделі артады. Бүгінде сотқа «Талап арзы қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деген сөз біздің соттардың ұранына айналғандай. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабына сәйкес елімізде қылмыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Заңның басты қасиеті ‑оның басқа нормативті актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылады, солай қолданылуға жататындығында.
Ана тілін дамыту үшін, ана тілінің мәртебесін жоғарлату үшін әркім өз ана тілінде таза сөлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім тәрбиесінің негізі.
Қарағанды қаласы
Әлихан Бөкейхан ауданының
сотының бас маман-сот отырысының хатшысы
М.Аскарова