ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің психолог мамандары жеке құрам қызметкерлеріне мекемедегі сотталғандармен оңтайлы жұмыс жүргізіп, суицидтің алдын алу мақсатында «Өз-өзіне қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға және ас қабылдаудан бас тартуға бейім сотталғандармен жұмыс жасау» туралы толықтай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары негізінде мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполдковнигі А.Ускенбаев жеке құрам қызметкерлерінен сынақ қабылдап, психолог мамандар жадынама әдістемелік кітапшасын таратты.