12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Көшпенділер» бекінісін сату кезінде «Қазақфильмді» кім басқарған?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақфильм» экс-президенті Алматы облысында Іле өзені жағасында «Көшпенділер» фильмі үшін салынған бекіністі сатуда астыртын әрекет жасады деп күдіктенеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2017 жылы бекініс салынған құнынан 44 есе арзанға сатылған. Ол бұрынғы мәдениет министріне қарасты үлескер компанияға сатылған. Қазір бұған Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы анықталып жатыр», — деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Ол қазіргі уақытта «Қазақфильм» экс-басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын, бірақ ұсталмағанын айтты.

2017 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметін белгілі қазақстандық кинорежиссер, ақын және сценарист Бақыт Қайырбеков атқарған.

Қайырбеков 2015 жылдан бері «Қазақфильм» президенті болып жұмыс істеп, 2019 жылдың тамызында қызметінен кеткен. Ол бұған дейін «Білім және мәдениет» телеарнасының директоры болған. «Ақбосаға», «Возвращение в лоно неба», «Мен саған сәбимін» атты фильмдердің авторы. «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Тілеукеновтің айтуынша, Антикорда бұл компанияның бұрынғы Мәдениет және спорт министрімен байланысы бар екені туралы ақпарат бар.

Тілеукенов ведомство бұл мүлік пен жер телімін мемлекетке қайтаруды көздеп отырғанын жеткізді.

Курс – на всестороннее сотрудничество

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ ВО ВТОРОМ САММИТЕ «ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ – КИТАЙ», В КОТОРОМ ТАКЖЕ УЧАСТВОВАЛИ ПРЕДСЕДАТЕЛЬ КНР И ЛИДЕРЫ КЫРГЫЗСТАНА, ТАДЖИКИСТАНА, ТУРКМЕНИСТАНА И УЗБЕКИСТАНА.

Қазақстан Ұлттық банкі: 1, 2 теңгелік номиналдағы тиын шығару тоқтады

Қазақстанда енді номиналы 1 және 2 теңге болатын тиындар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Әкімдік жауабы

Алматы әкімдігі өкілдері қарбалас уақытта кептеліс мәселесін шешу үшін жұмыс кестесі өзгере ме деген сауалға жауап берді.

Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады.

Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 6 медаль түсті

Вьетнамда грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты басталды.