spot_img
spot_img

Климаттық өзгерістер өзекті мәселе

Бүгінгі таңда планетада жаһандық климаттың өзгеруін сезінбейтін бірде-бір адам жоқ. Қазақстан аумағының үлкендігіне, Әлемдік мұхитқа шыға алмауына және күрт құбылмалы климатына байланысты таяу жылдары шөлейттенуге, орман және дала өрттері санының өсуіне, мұздықтардың еруіне, су жүйелерінің тозуына, ал жекелеген өңірлерде — су тасқынына, дауылдарға және басқа да қолайсыз салдарларға тап болуға тура келеді.БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары 13 бағыты климаттың өзгеруімен күреске арналған.Демек,барлық елде өзекті мәселенің бірі  екендігін аңғаруға болады.

Климаттың өзгеруінің тікелей әсер етуі төмендегідей көрініс табуы мүмкін:

* Табиғи апаттарда: мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, көшкін, сел, орман және дала өрттері және т.б. Нәтижесінде ел тұрғындары арасында өлім мен жарақат алу қаупі артады. 

* Ауыз су мөлшерінің төмендеуі мен сапасының нашарлауы. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи жағдайлармен, тиімсіз және қайтарымсыз тұтынумен және ағынның жартысына жуығы көрші мемлекеттердің аумағында қалыптасуымен байланысты. 

* Қоршаған орта температурасының жоғарылауы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді, психикалық аурудың өршуін арттыруы мүмкін.

* Ауа сапасының нашарлауы түрлі респираторлық, аллергиялық және онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық санының өсуіне алып келеді. 

* Климаттың жылынуы табиғи-ошақтық инфекциялық аурулардың, мысалы, тырысқақ, А гепатиті, дизентерия, кене энцефалиті, безгектің таралу жиілігіне әсер етеді.

Климат өзгерісі жаҺандық сипат алды. Табиғаттағы  болатын апаттар ауаның сапасын, азық-түлік пен су қауіпсіздігіне де әсер етіп, елеулі өзгеріске ұшыратады.Бұның адамдарға тікелей әсері көп.Жоғарыда айтып өткен ауру түрлері осыған дәлел.

Кедейлік,соның салдарынан дұрыс тамақтанбау, жұмыс жоқтық, табыстың аздығы және нашар күнкөріс гендерлік факторға, білімі мен баспана жағдайына тікелей немесе жанама әсер етеді. Осындай әлеуметтік факторларға ықпал ететін климат өзгерісі адамдардың ауқымды миграциясына алып келуі мүмкін. Климат өзгерісінен ауылшаруашылығы, су ресурстары және энергетика саласы ең көп зардап шегеді. Табиғатқа адал болайық, ал адалдық табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория екені сөзсіз. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік!

Қалымбек Бақытжан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының қауымдасқан профессоры,з.ғ.к.

Чжоу Лян

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды

Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық орталық ауруханасында жыл басынан...

Бизнес или рейдерский захват? Война за жилой комплекс разгорелась в Астане

Настоящая битва за жилой комплекс уже третий год длится...

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ӨЗ ҮЙЛЕРІНІҢ АУЛАСЫН ГҮЛДЕНГЕН БАҚҚА АЙНАЛДЫРУДА

Жетісулықтар, әсіресе Талдықорған қаласының тұрғындары көпқабатты үйлерінің ауласын гүлденген...

АстраЗенека» подписала договор с «СК-Фармация» о поставке инновационных препаратов, произведенных в Казахстане

 «АстраЗенека» и «СК-Фармация»подписали долгосрочный договор о поставке оригинальных запатентованных...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

Тәуелсіздіктен бері қарай сот саласы үлкен өзгерістер мен жаңашылдықтарды...